№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жерден үш есе үлкен экзопланета табылды

Жерден үш есе үлкен экзопланета табылды

NASA ғарыш агенттігінің жер серігі Күн жүйесінен тыс орналасқан жаңа экзопланетаны анықтады, – деп жазды «Жаңақорған тынысы» газетінің сайты tass.ru ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Бұл ТЕSS (Transiting Exoplanet Survey Satellite) тапқан үшінші өзге ғаламшар. Жаңадан табылған HD 21749b планетасы Жерден үш есе үлкен көрінеді. Салмағы 23 есе ауыр. Беткі температурасы Цельсий бағамы бойынша 150 градусқа тең.
Бұл планетада тығыздық Нептуннан да жоғары. Бірақ тау-қыратты емес, дейді зерттеуші Диана Драгомир.
Сондай-ақ, Guardian басылымы бұл планета газдан тұратынын хабарлады. Жердің көлеміндей болатын планета нақты анықталса, TESS тапқан ең кішкентайы болмақ. TESS жаңа планета тапқаны жайлы алғаш рет өткен жылдың қыркүйек айында хабарлаған болатын. Кейіннен тағы бір экзопланетаның бары анықталған-ды. Transiting Exoplanet Survey Satellite аппаратын NASA "планеталар аңшысы" деп те атайды. TESS аппаратының мақсаты - Күн жүйесінен тыс орналасқан ғаламшарларды табу. 2018 жылдың сәуір айында ұшырылған. Екі жыл бойы ғарыштық кеңістікті "бақылап", ақпарат жолдайтын болады.
  


29 қаңтар 2019 ж. 1 065 0