№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » 2019 ЖЫЛ: ЕКІ БҮКТЕЛЕТІН ТЕЛЕФОНДАР ПАЙДА БОЛАДЫ

2019 ЖЫЛ: ЕКІ БҮКТЕЛЕТІН ТЕЛЕФОНДАР ПАЙДА БОЛАДЫ

Тұрмысымызды билеген ұялы телефондар жыл сайын жаңарып келеді. Оған қоса гаджеттердің жаңа үлгілері пайда болады деген ақпар бар. Сондықтан, сіздерге 2019 жылы шығатын үздік гаджеттер тізімін ұсынып көрмекпіз. Ол үшін біз Б.Ерман блогердің зерделуіне сүйеніп көрейік. Сонымен...

1. Samsung Galaxy Flex икемді смартфоны Гаджет Galaxy F атауын алады және екі негізгі экран болады. Экранның сыртқы жағын қолданғанда қарапайым смартфон болып жұмыс істейді, ал оны ашқан кезде пайдаланушы екі экранды шағын планшет ретінде қолдана алады.Samsung ұсынатын смартфон 2019 жылдың наурыз айында шығады және бағасы 1 770 АҚШ долларынна тең болады деп күтіліп отыр. 
2. Microsoft Holens-2 Microsoft HoloLens – бейнелі қосымшалармен шынайы әрекеттесуге мүмкіндік беретін көзілдірік. Microsoft HoloLens-тің бірінші нұсқасы жылдың басында, ал екінші нұсқасы 2019 жылдың екінші жартысында шығады деп жоспарлануда. Екінші нұсқа түпнұсқаға қарағанда мықтырақ, яғни оның өз қуатымен жұмыс жасау уақыты бірінші HoloLens-қа қарағанда әлдеқайда көп болады. Сондай-ақ, 2 жасанды интеллект жүйесіне арналған жеке процессоры бар гаджеттің бағасы – 3000 АҚШ долларына тең. Айта кетейік, HoloLens бастапқы үлгісін осыдан үш жарым жыл бұрын ұсынған екен.
3. Экраны алмаздан жасалған смартфондарАлмаз экраны бар алғашқы смартфон 2019 жылы шығады! Америкалық Akhan Semiconductor смартфондарының алмаз дисплейлері қазіргі экрандарға қарағанда алты есе берік және он есе төзімді болатын технологиямен әзірленеді. Қазіргі таңда смартфонның жұмыс қабілеттілігіне көз жеткізу және сенсорлық экрандармен дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік беру үшін өндірушілер құрылғыны сынақтан өткізуде. Сондай-ақ, зерттеушілер күн астында немесе жарық көздері көп жерлерде құрылғыны пайдаланғандағы шағылысу қасиеттерін азайтумен айналысып жатыр.
4. «The Last Of Us Part II» бейне ойыны «Қорқынышта өмір сүру» жанрындағы The Last Of Us ойыны алғаш рет 2013 жылы шықты және бірден оң пікірлерге ие болды. «Metacritic» әлемдік рейтингінде ол 100-ден 95 ұпай жинаған, бұл «жалпының бірдей мойындауы» дегенді білдіреді. Сонымен қатар, бір жыл ішінде ойынның 7 млн. көшірмесі сатылады екен.5. 5G интернет жылдамдығын қолдайтын смартфондар2019 жылы 5G дәуірі басталады және сымсыз желілерде деректерді беру жылдамдығы 1-2 Гбит/с деңгейіне дейін жетеді, бұл сымды интернетке қарағанда 10-20 есе жылдамырақ. Сарапшылардың айтуынша, 2024 жылға қарай мобильді трафиктің 20%-ы 5G қолдайтын құрылғылар арқылы өтеді. Мұндай смартфонның алғашқы үлгісі ақпан айында Барселонада өтетін «MWC 2019» көрмесінде «OnePlus» брендімен ұсынылады.
6. 5G интернет жылдамдығын қолдайтын ноутбуктар2019 жылдың соңына қарай пайдаланушылар 5G модемін қолдайтын ноутбук сатып ала алады. Ноутбуктарға арналған 5G модемдерін Intel компаниясы әзірлейді. Ондағы негізгі мақсат – ең жоғары гигабитті жылдамдықты қолданысқа енгізу.
7. Алғашқы Porsche Taycan электромобиліЭлектромобиль жасау бүкіл әлем бойынша қарқын алып келеді. Сондықтан, Porsche де 2019 жылы өзінің «Тaycan» электрокөлігінің сатылымын бастайды. Taycan қолданыстағы көлікті бейімдеу арқылы емес, басынан электромобиль ретінде әзірленген. Электромобиль өндірісі 2019 жылдың ортасынан кейін басталады. Бастапқыда өндірушілер жыл сайын 20 мың электромобиль шығаруды жоспарлап отыр, алайда алдын ала тапсырыстар берілсе, көлік саны 30 мыңға дейін көбейуі мүмкін. 800 вольт тоқ күшімен қуаттау жүйесі орнатылатын электромобиль 20 минут ішінде 400 шақырымға жететін қуат алады, ал толық қуатпен 480 шақырым жүруге болады.
8. Алғашқы Harley-Davidson LiveWire электромотоциклі Мотоциклдің жылдамығы 4 секундта 100 км/сағ. дейін жетеді және бір толық қуатты аккумуляторлармен 80 шақырым жүре алады. Harley-Davidson LiveWire ұсынған электромотоциклдің техникалық сипаттамалары: қозғалтқыш — 55 кВт, салқындату – май күшімен, қуаты — 74 ат күші, дөнгелектерінің биіктігі — артқысы 43 см және алдыңғысы 45 см және салмағы — 210 келі.
2019 жылы шығатын жаңа гаджеттердің үздік деп танылғаны осылар екен. Әрине, бұлар тек жарияланғаны ғана, әлі де гаджет саласында жағымды жаңалықтар көп болуы әбден мүмкін...



27 қаңтар 2019 ж. 1 172 3

Гость Jeahulalf от 24 ақпан 2019 18:07
Come Viagra Naturale Lightheaded From Amoxicillin propecia for sale in usa Il Viagra Umano Amoxicillin Side Effects Stool Where To Buy Mebendazole Vermox

Гость Jeahulalf от 13 наурыз 2019 19:40
Info On Amoxicillin Keflex For Bv Amoxil Uses cialis without prescription Purchasing Cheap Levaquin

WillieKer от 24 қараша 2019 11:43
התחנה עונה 2 פרק 5 לצפייה ישירה הנוכלות פרק 4 לצפייה ישירה ריק ומורטי עונה 4 פרק 3 לצפייה ישירה התחנה עונה 2 פרק 5 לצפייה ישירה הנוכלות פרק 4 לצפייה ישירה ריק ומורטי עונה 4 פרק 3 לצפייה ישירה