Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Енді рельссіз пойыздарға мінеміз

Енді рельссіз пойыздарға мінеміз


Қытайлар машинистсіз жүретін рельссіз пойыздар жасап шығарды, - деп жазды  autoreview.ru сайты.

Жаңашылдыққа жаны құмар қытайлықтар енді рельссіз жүретін пойздар жасап шығарды. ҚытайдыңЧжучжоу қаласында ерекше электропойыздар іске қосылды. Олардың ерекшелігі - электропойыздарға рельстер керек емес. Осы арқылы ҚХР рельстерге кететін қаражатты үнемдеген. Бір жыл бұрын Чжучжоу қаласы Қытай үкіметінің рельссіз пойыздарын тәжірибеден өткізетін орын ретінде таңдалған еді. Осындай транспорттың алғашқы нұсқасы қала көшелерінде қатынаған. 500 жолаушыны таситын электрпойыздарға рельс емес, асфальт бетіне салынған арнайы ақ жолақшалар жеткілікті. Пойыз арнайы құрылғылар арқылы осы жолақшалармен жүреді. Тіпті оған машинист те қажет емес. Жаңа транспорт жылдамдығын сағатына 70 шақырымға дейін арттыра алады. Ол арнайы қуатталатын батерея арқылы қозғалады. Рельссіз пойыз бір жағынан қаражатты үнемдесе, екінші жағынан экожүйеге де зиянын тигізбейді.
20 қаңтар 2019 ж. 843 0