№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

№55 (8869) 26

26 шілде 2025 ж.

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Автоматтанған пойызбен жол жүргіңіз келе ме?

Автоматтанған пойызбен жол жүргіңіз келе ме?

Қытай 2022 жылы автоматтандырылған басқару жүйесіндегі пойызды іске қосуды жоспарлауда. Пойыз Бейжіңді 2022 жылғы қысқы Олимпиада уақытында Солтүстік Қытайдағы Чжанцзякоу қаласымен байланыстырады, – деп жазды China Daily басылымы.

Басылымның хабарлауынша, 2018 жылдың шілде-қыркүйек айларында ҚХР автоматтандырылған пойызды тәжірибеден ойдағыдай өткізген. Сынақ Бейжің мен Шеньян қалаларын байланыстыратын теміржолда өткізілген. Сынақ кезінде автоматтандырылған пойызы сағатына 350 шақырым жылдамдықпен жүрген. Пойыз автоматты түрде кестеге сай жүріп, станцияларға өздігінен тоқтайды, есіктері де автоматты түрде уақытымен ашылып, жабылады.
Еске сала кетейік, Қытай жүрдек пойыздар жүретін ең ұзын теміржол магистралына ие. Жалпы ҚХР-дағы теміржол ұзындығы 127 мың шақырым, 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 175 мың шақырымға дейін ұзарту жоспарланған.
06 қаңтар 2019 ж. 929 0