Болашақта басқа ғаламшарлармен байланысқа шығуымыз мүмкін
АҚШ-тың Массачусетс технология институтының ғалымдары алыс ғарышқа бағытталуы жоспарланып жатқан ауқымды лазер жобасын жария етті, – деп жазды Daily Mail басылымы.
Ғалымдардың айтуынша, бұл жоба өзге ғаламшарлықтармен кездесу уақытын тездетеді. Физиктердің сөзінше, лазер құрылғысының қуаты лазер сәулесін 20 мың жарық жылына тең қашықтыққа дейін жеткізе алады. Егер өзге ғаламшарлықтар бар болса, лазер сәулесі оларға маяк болып түседі. Қуаты 1-2 мегаВатты құрайтын лазер құрылғысы Жер шарын 30-35 метрлік телескоп арқылы "нұрландырып" тұрады. Осындай технологияның арқасында Күнге жақын жұлдыз – Проксима Центавра және "TRAPPIST-1" жұлдызында бар тіршілік иелерімен байланысуға болады.