» » СИНГАПУР ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ ЕЛ

СИНГАПУР ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ ЕЛ


Жыл сайынғы Expat Explorer агенттігі сауалнамасының деректері бойынша өз Отанынан басқа жерде жұмыс істеуге ең қолайлы ел Сингапур деп танылды, деп хабарлайды Bloomberg.

Атап өтетін жайт, рейтингті құрастыру барысында елдердің тек табыс деңгейі ғана емес, сонымен бірге өмір сүру сапасы да ескерілген. Осындай көрсеткіштер тұрғысынан Сингапуртөртінші жыл көш басында келеді. Үздік үштікке сонымен қатар Жаңа Зеландия және Германия енген. Канада және Бахрейн үздіктер қатарында.
Агентттік өзге елде еңбек етушілер үшін ең жоғары жалақы төленетін елдердің тізімін жариялайды ұмыт қалдырмапты. Яғни, Швейцария (жылына 202 мың доллар), АҚШ (185,1 мың доллар), Гонконг (178,7 мың доллар) және Қытай (172,7 мың доллар) қомақты көлемде қаржы төлейді екен.
Сауалнамаға қатысушылардың 45 пайызы өз Отанындағы еңбек ақысымен салыстырғанда басқа елдерде неғұрлым жоғары жалақыға қол жеткізгендерін атап көрсеткен.
Орта Азияда Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары Ресейде, Қазақстанда, Қытайда, Оңтүстік Кореяда қаржы тауып жүр.
Мәселен, жақында Мәскеуге барғанымызда кәдесыйлар сататын жерлер мен такси қызметінде қырғыз ағайынның қарасы басым екенін көрдік. Ал, өзбектер құрылыс және кофелерде тамақ даяршы қызметінде басым екен.
Айта кететіні, қазақстандықтар арасында Оңтүстік Кореяда гастарбайтерлік қызмет жасап жүргендер аз емес.
02 қараша 2018 ж. 830 2

Гость Jeahulalf от 20 ақпан 2019 03:15
Aricept Hong Kong Misoprostol Cytotec Acheter tadalafil cialis from india Achat Viagra Conseils Zithromax Strep Throat Preisvergleich Cialis

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 22:18
Generic Stenda viagra Cytotec Misoprostol Posologie