№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » БОЙЖЕТКЕН ЖІГІТІНЕ ҰНАУ ҮШІН 30 РЕТ ПЛАСТИКАЛЫҚ ОТА ЖАСАТЫПТЫ. БҰЛ АҚМАҚТЫҚ ПА, ӘЛДЕ...

БОЙЖЕТКЕН ЖІГІТІНЕ ҰНАУ ҮШІН 30 РЕТ ПЛАСТИКАЛЫҚ ОТА ЖАСАТЫПТЫ. БҰЛ АҚМАҚТЫҚ ПА, ӘЛДЕ...


Гонконгтың 22 жастағы тұрғыны жігітіне ұнау үшін соңғы 5 жылда 30 рет пластикалық ота жасатқан. Ол ота жасату арқылы батыстың
модельдеріне ұқсағысы келген, – деп жазды kursiv.kz сайты New York Post-қа сілтеме жасап.
Берридің жігіті оның сырт келбетіне қатысты кемсіту сөздерін айтып, өзге әйелдермен жиі салыстырған. Бойжеткеннің сөзінше, ол 6 айдың ішінде блефаропластика, ринопластика жасатып, ерні, беті, иегі мен маңдайына инъекция салдырған.
«Егер ол маған бір рет болсын сұлу екенімді айтса, мен тоқтар едім», – дейді Берри.
Соңында жігіті Берридің кеудесінің кішкентай екенін айтып, ота жасатуға мәжбүрлеген. Бойжеткен отадан кейін есін жиған соң, өмірге деген көзқарасы өзгеріп, көп жайтты түсінген.
Мұнан кейін Берри жігітімен қарым-қатынасына нүкте қойып, пластикалық отаға деген тәуелділігінен арылған. Ендігі ол пластикалық хирургияға қарсы шығып, өзі тәрізді қиын жағдайға тап болған қыздарға көмектесіп жүр.
«Шындығында, жігіттер өз қыздарына қатты ықпал жасайды. Қыздар сүйіктісінің өзінің сырт келбетін жиі сынайтынын айтып шағымданып жатады. Көптеген қыз дәл мен сияқты ақымақтыққа барған», – дейді Берри.
30 қыркүйек 2018 ж. 935 0