Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ЕНДІ РОБОТТАР ҚОРҒАНЫС ІСІНЕ КІРІСТІ

ЕНДІ РОБОТТАР ҚОРҒАНЫС ІСІНЕ КІРІСТІ


Оңтүстік Кореяда сарбаздардың орнын роботтар басатын болады, – деп жазды hi-news.ru сайты.

         Оңтүстік Корея 2024 жылдан бастап өз қорғаныс саласында әскери-роботтарды пайдалануды жоспарлап отыр. Бұндай жағдайға олар жылдан-жылға адам санының азаюына байланысты барып отыр.
Мәліметтерге сүйенсек, осы жылы корей қорғаныс министрлігі әскерилер мен роботтардан құралған бөлімдерді соғыс жағдайындағы сынақтан өткізген. Нәтижесінде, миналарды анықтап залалсыздандыруда дрондар, ұшусыз басқарылатын барлау құрылғылары мен роботтарды пайдалану адамдарға қарағанда біршама тиімді екенін көрсеткен.
Мысалы, жерде әрекет ететін барлау машинасы 500-600 әскеридің қызметін бір өзі атқарады. Ал, "K9 Thunder" гаубицаларындағы туреллдерді (пулемет пен кіші калибрлі автоматтар орнатылған құрылғы) мүлде автоматтандыру 2 мың сарбаздың орнын басады. Әскери инженерлердің мәліметіне қарағанда мұндай автоматтандырылған қаруды жасауға 3 жыл уақыт кетеді екен.


26 қыркүйек 2018 ж. 1 466 0