Голландиялық «Аякса» құрамасының 21 жастағы футболшысы бір жылдық комадан кейін есіп жиды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Eurosport-қа сілтеп.21 жастағы Нури Абдельхак 2017 жылдың 8 шілдесінде «Вердер» командасымен достық кездесу кезінде есінен танып қалды. Ол футбол алаңынан тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. Футболшының жүрегі ұстап қалғаны белгілі болды. Сонда дәрігерлер оны жасанды комаға түсірді. Кейіннен Нуридың миының қатты зақымданғаны анықталды. Өкінішке орай, бұл диагнозға ем жоқ. Бірақ, бір жыл бір ай өткеннен кейін футболшының ағасы қуантарлық жаңалығымен бөлісті. «Нури комадан шығып, отбасы мүшелерін таныды», – деді ол. Дәрігерлер Нуридің жүйке жүйесінің жағдайы бірнеше ай бұрынғы көрсеткішке қарағанда әлдеқайда жақсы екенін айтты. Бірақ, ол физикалық тұрғыда өздігінен қозғала алмайды, тек басын ғана қозғалта алады. Кейде оны үйіндегілер мүгедектер арбасына отырғызады және ол туыстарымен ым-ишара білдіріп қарым-қатынас жасайды. Айта кетейік, Нури Абдельхак 2016-2017 жылғы дебюттік маусымда «Аякса» үшін 11 гол соқты және 14 ассист жасады.