№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сіз білмейтін әлем қызықтары

Сіз білмейтін әлем қызықтары




* Ұзындығы 6400 шақырым Амазонка өзенінің үстінен бірде-бір көпір салынбаған;
* LEGO әлемдегі кез келген дөңгелек өндіретін компаниялардан да көп дөңгелек шығарады;
* Эфиопияда қолданылатын күнтізбе жалпы қабылданған күнтізбелерден 7 жыл артта қалады. Сондықтан бұл елдің халқы әлі де 2014 жылда өмір сүріп жатыр;
* Әр ананастың өсіп, пісуіне шамамен 2 жыл қажет;
* Адидас пен Пуманың негізін қалаушылар ағайынды Адольф пен Рудольф Дасслер болды. Екі компанияның Германиядағы штаб-пәтері көршілес ғимараттарда қатар орналасқан;
* Жердегі барлық құмырсқалардың жалпы салмағы планетадағы барлық адамдардың салмағынан ауыр;
* Франция – азық-түлік өнімдерімен өз-өзін қамтамасыз ете алатын Еуропадағы жалғыз ғана ел;
* Алғашқы киттердің "арғы аталары" құрлықта өмір сүрген орта мөлшердегі сүтқоректілер болған;
* Вильнюсте (Литва) өзін тәуелсіз республика деп жариялаған Ужупис шағын ауданы бар. Осы бір республиканың өз туы, өз теңгесі, президенті, министрлер кабинеті, тіпті, 11 адамнан тұратын әскері бар;
* Алясканың туын 13 жасар бала ойлап тапқан;
* Бір қыл шаш 3 келі салмақты көтеріп тұра алады;
* Жер бетінде 70 пайыздан астам тірі тіршілікті бактериялар құрайды;
* Піл –  4 тізесі бар жалғыз жануар;
* Моцарт 3 жасынан бастап музыка жаза бастаған.
11 қараша 2021 ж. 646 0