№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Ғарышқа ұшу билетін 28 млн долларға сатып алды

Ғарышқа ұшу билетін 28 млн долларға сатып алды

Amazon негізін қалаушы Джефф Безоспен бірге ғарышқа ұшу билеті 28 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бәссаудааға қатысуға 159 елден 7600-ге жуық адам тіркелді.
«107 нөміріндегі адамға 28 миллион долларға сатылды», – деп мәлім етті аукционды жүргізген Blue Origin компаниясы. Amazon-дің негізін қалаушымен және оның ағасымен бірге ғарышқа кім барады, әзірге белгісіз. Ал оның есімі бірнеше аптадан кейін айтылмақ. Blue Origin-ге сәйкес «төртінші және ақырғы» экипаж мүшелері де жақын арада белгілі болады.
Бұған дейін Blue Origin компаниясы 20 шілдеде ұшуы жоспарланған New Shepard суборбитальды кемесінің бортына бір жолаушыны тартуға арналған онлайн аукцион өткізген болатын.
Компанияның хабарлауынша, жеңімпаз қатысушы Blue Origin иесі Джефф Безос пен оның ағасы Маркпен бірге ғарышқа аттанады.
Айта кетсек, бұған дейін ғарышқа билет құны 2,8 миллион долларды құраған еді.
14 маусым 2021 ж. 546 0