Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ОАР-да әйел бірден он бала дүниеге әкеліп, рекорд орнатты

ОАР-да әйел бірден он бала дүниеге әкеліп, рекорд орнатты

Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясының тұрғыны 37 жастағы Госиаме Тамара Ситол бірден 10 баланы дүниеге әкеліп, әлемдік рекорд жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі IOL басылымына сілтеме жасап. 

Жүктіліктің ерте кезеңінде дәрігерлер УДЗ-де алты баланы көрген. Біраз уақыттан кейін келесі ультрадыбыстық зерттеуден соң олар құрсақта сегіз нәресте бар екенін хабарлайды. Алайда 7 ай 7 күнде Тамара Ситол он баланы дүниеге әкелді - жеті ұл және үш қыз. Мұндайға акушерлер де, ата-ананың өзі де таңғалған. 
Дәрігерлердің айтуынша, сәбилер алдағы айларды инкубаторда өткізеді.
Ерлі-зайыптының алты жасар егізі бар екені де хабарланды.
Бір уақытта дүниеге келген балалар саны бойынша алдыңғы рекорд Мали тұрғынына тиесілі еді. Ол бірден 9 бала босанған. 
09 маусым 2021 ж. 1 221 0