» » iPhone маска таққан адамның түрін тани алатын күйге жетті

iPhone маска таққан адамның түрін тани алатын күйге жетті

Apple компаниясы iOS жүйесін жаңартып, жаңа функциялар қосты. Қандай функциялар қосылғаны жаңарту баптауында жазылып тұр.
Алманың iOS 14.5 жаңарылған нұсқасына қосылған қызық функциялардың бірі – маска таққан адамның түрін тани алатыны. Бірақ жаңа опцияның орындалуы үшін бірнеше шарт бар. Ол үшін watchOS 7.4 жаңартылуы орнатылған Apple Watch сағаты мен Face ID-і бар ұялы телефон керек.

Маска таққан адам смартфонның бетіне қараған кезде гаджет адам бет-жүзінде тұрған аксессуарды таниды да, Apple Watch құрылғысына белгі жібереді. Егер алма сағат белгіні растаса, смартфонның бұғаты ашылады.
Егер смартфон адам бетіндегі масканы анықтай алмаса, Face ID арқылы сканер жасайды. Одан да түк шықпаса, онда сандық парольді сұрайды. Мұндай функцияны іске қосу үшін Face ID баптауына кіріп, Apple Watch-ті бұғаттан шығаруды басамыз.
Айта кеткен жөн, жаңа опцияны тек телефонды бұғаттан шығарған кезде ғана қолдануға болады. Ал Apple Pay қолданар кезде, беттегі масканы шешіп, смартфонға қарау керек.
iOS 14.5 нұсқасына қосылған фунциялардың ішінде Siri дауысын баптау мен 5G-ні қосу үшін екі сим-картаны салу қызметтері бар. 200-ден көп жаңа эмодзи де қосылды.

Дереккөз massaget.kz
29 сәуір 2021 ж. 2 902 0