№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Sony 60 жылда алғаш рет атауын өзгертті

Sony 60 жылда алғаш рет атауын өзгертті

Түсті теледидарлар мен портатив кассета ойнатқыштарының арқасында әлемге танылған жапониялық SONY корпорациясы 60 жылда алғаш рет Sony Corp деген ресми атауын өзгертті. Ол енді Sony (Sony Group Corp) деп аталды.

Сонымен қатар, компанияға кіретін Sony Electronics Corporation, Sony Imaging Products & Solutions Inc., Sony Home Entertainment & Sound Products Inc. және Sony Mobile Communications Inc. топтары енді Sony Corporation деп аталатын бірыңғай компанияға біріктірілді.
Киодо агенттігінің мәліметінше, атаудың өзгеруі Sony шығаратын PlayStation-нің танымалдығын, камералар мен смартфондардағы кескін сенсорларына сұраныс артқанын, анимациялық фильмдер шығару әртараптандырылғанын көрсетеді.
Айта кетейік, бұрынғы Sony Corp. атауы 1958 жылы Tokyo Telecommunications Engineering Corporation атауын өзгерту нәтижесінде пайда болған.
01 сәуір 2021 ж. 2 437 0