Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 535

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ДДСҰ: Әлемде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

ДДСҰ: Әлемде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, әлемде (Таяу Шығыс мемлекеттерінен басқа) коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдегені байқалған. Сондай-ақ, әлемде COVID-19 жаңа жағдайларының саны 16% – 2,7 миллионға дейін төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғалымдардың пікірінше, қаңтар айының басында вирус жұқтырушылар саны 5 миллионнан асқаннан кейін, бесінші апта қатарынан індет қарқынының төмендегені байқалған. Сонымен қатар коронавирустан қайтыс болғандар саны да азаюда. ⠀
Американдық The New York Times басылымы әлемде және АҚШ-та індет деңгейінің төмендеуінің басты себебі қазіргі кезде адамдардың едәуір бөлігі вирусқа қарсы иммунитетке ие болған деп есептейді.⠀
Аталған жағдайға қарамастан, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері әлем халқын қырағы болуға шақырады – ешкім COVID-19-дың тұрақты төмендеуіне кепілдік бере алмайды. Сонымен қатар, коронавируспен ауырған кейбір адамдар, індеттің жаңа нұсқаларының бірін қайта жұқтыру ықтималдылығы бар.
26 ақпан 2021 ж. 2 333 0