Оңтүстік Кореяда тағы да коронавирус бойынша рекорд жаңарды
Оңтүстік Кореяда наурыздан бері алғаш рет бір тәулікте 332 жаңа COVID-19 жағдайы тіркелді, оның ішінде 315 оқиға жергілікті, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 17 002-ге өсті, – деп хабарлайды РИА Новости.
Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығы соңғы аптада вирус жұқтырғандар саны геометриялық прогрессиямен 56-дан 297-ге дейін өскенін, ал жұмада көрсеткіш 324-ке жеткенін және бұл бес айдағы рекорд екенін хабарлады.
Соңғы рет елде вирус жұқтырғандар бойынша рекорд 8 наурызда орнаған, ол кезде 367 адамнан коронавирус анықталған.
315 жергілікті жағдайдың 127-сі Сеулде және тағы 91-і орталық Кенгидо провинциясында тіркелген, тағы 21 адам Инчхонда ауырып қалды. 17 адам шетелден вирус алып келген. 49 адам ауруханадан шығарылды, сауыққандардың жалпы саны 14 169-ға жетті (83,33 пайыз). 309 адам қайтыс болды (1,82 пайыз).
Жағдайдың күрт нашарлауы вирустың кейбір жергілікті шіркеулерде және сауда орындарында таралуына байланысты. 15 тамызда ел Тәуелсіздігі күнінде Сеулде үкіметке наразылық білдіріп митингіге шыққан мыңдаған консервативті пресвитериандық Саран Чейл шіркеуінің ізбасары жағдайды ушықтырды, себебі олардың арасында коронавирус жұқтырғандар болған.
«Саран Чейл» шіркеуімен байланысты жағдай саны 732 адамға жетті, оның мыңдаған ізбасары тексерілді, бірақ көбі табылмады. Тәуелсіздік күні митингілерге қатысу нәтижесінде кем дегенде 71 адам вирус жұқтырған. Осыдан кейін Сеул билігі тамыз айының соңына дейін 10-нан астам адам қатысатын барлық демонстрацияларға тыйым салуды ұйғарды.
Сеулде, Инчхонда және орталық Кенгидо провинциясында вирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты әлеуметтік қашықтық жүйесінің екінші, жоғары деңгейі енгізілді.