№23 (8837) 1

01 сәуір 2025 ж.

№22 (8836) 29

29 наурыз 2025 ж.

№21 (8835) 23

23 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Коронавирус жоламаған ел

Коронавирус жоламаған ел

Қазіргі таңда Түркіменстанда COVID-19 расталған бірде-бір жағдай тіркелген жоқ. Бұл туралы ДДСҰ миссиясының жетекшісі, ДДСҰ Еуропалық бюросының Төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі аға маманы доктор Катрин Смолвуд мәлімдеді, деп жергілікті БАҚ хабарлайды, – деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бүгін ДДСҰ-ның Түркіменстандағы СOVID-19-ға қатысты жағдайды зерттеу жөніндегі жұмысы аяқталды және Катрин Смолвуд коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі негізгі бақылаулармен, ұсыныстармен және қорытындылармен таныстырды
«Біз респираторлық инфекциялардың таралуын болдырмау және халық денсаулығын қорғау бойынша, соның ішінде бұқаралық іс-шаралар кезінде, базарларда, дүкендерде және қоғамдық көліктерде күшейтілген шараларды енгізуді оң бағалаймыз.
Жақында ел ішіндегі автобус және теміржол қатынасы шектелді. Маскаларды кию, қол гигиенасы және физикалық қашықтық сияқты жеке деңгейде алдын алу шаралары енгізілді», – деді ол.
Дегенмен, Түркіменстанда COVID-19 бойынша жалпыұлттық көп секторлы жұмыс тобы құрылды. Індетке дайындық және әрекет ету жоспары бекітілді және COVID-19 вирусының алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі жоспар дайындалды.
Қарап тұрсаңыз, үлгі аларлықтай екен...
16 шілде 2020 ж. 664 0