Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Пандемия кесірінен әлемде әрбір алтыншы жас маман жұмысынан айырылған

Пандемия кесірінен әлемде әрбір алтыншы жас маман жұмысынан айырылған


Халықаралық еңбек ұйымы зерттеулері осыны көрсетіп отыр, деп хабарлайды
«Хабар 24» сайтына сілтеме жасап zhanaqorgan-tynysy.kz.

Баяндамаға қарағанда биыл ақпан айынан жастар арасындағы жұмыссыздық күрт өсіп, дүние жүзінде 305 миллион жас жұмыссыз қалған. Індеттен, әсіресе, АҚШ жастары көп зардап шегіп отыр. Коронавирус жастардың оқуы мен тәжірибесіне кері ықпал тигізіп, еңбек нарығына шығуын қиындатқан. Осыған байланысты ұйым халықаралық қауымдастықты жастарды еңбекпен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларды күшейтуге шақырды.

Гай Райдер, халықаралық еңбек ұйымының бас директоры:
– Коронавирустан туындаған экономикалық дағдарыстан жастар көп зардап шегіп жатыр. Егер біз қазіргі жағдайды алға тартып, олардың дарыны мен қарым-қабілетін пайдалануды екінші орынға ысыратын болсақ, бұл біздің болашағымызға, індеттен кейін экономиканың қалпына келуіне кері әсерін тигізеді.

28 мамыр 2020 ж. 888 0