№25 (8839) 8

08 сәуір 2025 ж.

№24 (8838) 5

05 сәуір 2025 ж.

№23 (8837) 1

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 144 ЖЫЛ БҰРЫН ДҮР СІЛКІНТКЕН ОҚИҒА

144 ЖЫЛ БҰРЫН ДҮР СІЛКІНТКЕН ОҚИҒА

Бүгін әлемде телефон аппаратының туған күні аталып өтеді. Телефон – қазіргі заманда әр адам пайдаланатын байланыс құралы, дегенмен оның ең алғашқы кезде қандай болғанын көп ешкім біле бермейді. Негізінде бұл аппараттың арғы атасы телеграф деп айтсақ болады, себебі дәл соның жетілдірілген түрін АҚШ ғалымы Александр Белл патенттеп алған болатын. Айтулы оқиға 1876 жылы 7 наурызда болып, кейіннен осы күні телефон аппаратының туған күні тойлана бастады. Александр Белл өз туындысын халыққа Филадельфиядағы Дүниежүзілік көрме кезінде таныстырған, кейін Париждегі халықаралық көрме аясында да көпшілік назарына ұсынды. Таңғажайып туындыны барша жан қуана қабылдап, ерекше қызығушылық танытқан, себебі ол алыстан байланысқа шығуды одан сайын жетілдірді.

06 наурыз 2020 ж. 753 0