Қызықты деректер топтамасы
1.Үндістан әлемде кино түсіруден бірінші орында. Айына 700 кино шығарып отырады, күніне 2 кинодан келеді.
2. Сингапур. Кереметі сол — үш 55 метрлік мұнараның төбесінде орналасқан 3 палубалы «Аспан саябағы» атты 12 400 квадрат метр алып жатқан кеме.
Оның 200 метр биіктегі жоғары палубасында алып 150 метрлік сарқырамасы бар бассейн орналасқан. Ол әлемдегі ең үлкен аспан астындағы бассейн екен. Сондай-ақ бар, ресторан және қазіргі заман өнері мұражайы да орын тауыпты. Осынша биікте еркін жүзуге жүрегің дауалайды ма? Бүкіл ғимараттар сенің астыңда, ал сен олардың үстімен жүзіп бара жатсаң…
3. Австралияда орналасқан Hyams Beach саяжайы Гиннестің рекордтар кітабына ақ құмды саяжай ретінде енді. Ол жерге алғаш барғанда саяжайдың айналасында қар немесе теңіздің тұзы жатыр деп ойлайсыз.
4. Гиннес Рекордтар кітабының ең ұзын шаш иесі Қытай тұрғыны Кси Квипингт. Оның шашының ұзындығы — 5,627 метр.
5. Әлемдегі ең ерекше кітапханалардың бірі Минскте (Белорусь) орналасқан. 23 қабатты алмаз пішінді ғимарат түнгі уақытта да ғарыштан қарағанда көрінетіндей етіп жасалған.
6. Электронды почта 1992 жылы АҚШ-тағы ақ үйде ойлап табылған.
7. 87 жастағы Джордж Блэр (АҚШ) Уинтер-Хэвенс(Флорида, АҚШ) Флоренс көлінде жалаң аяқ су шаңғысында жүріп өтті.
8. Әлемдегі ең үлкен сарайда 1788 бөлме бар. Сарай Бруней сұлтанына арналып салынған.
9. Ең алғаш глобусты 1942 жылы 33 жастағы неміс географы Мартин Бехайм ойлап тапқан.
10. Суасты тоннеліндегі поезд Данияда орналасқан.
Вк әлеуметтік желісіндегі «Қызықты деректер» топшасынан алынды.