№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Армян әйелдің көзінен жас орнына "бриллиант" ағуда (видео)

Армян әйелдің көзінен жас орнына "бриллиант" ағуда (видео)


22 жастағы Армения тумасы Сатеник Казарянның көзінен жас орнына "бриллиант" ағуда - деп жазады
massaget.kz.
Жергілікті дәрігерлер оның неден болғанын анықтай алмай жатыр.
Сатеник мұндай түсініксіз құбылыспен 2 ай бойы алысып келеді. “Мен бірінші стоматологқа бардым. Кейін көзіме бірдеңе түскен шығар деп көз дәрігерінің қабылдауында болдым. Ол жерде көзімнен бірнеше кристалл алды. Қазір 2 ай болды, бұл күнделікті емдеу шарасына айналған. Әр күнім тозақтағыдай өтеді”, - дейді Сатеник Каразян.
Армениялық әйел алдымен жергілікті офтальмологқа тексерілген. Бірақ олар аурудың себебін анықтай алмаған. Кейін оны жақын маңдағы Артик қаласына алып барған. Ол жерден де нәтиже болмағасын, Армения астанасы Ереванға барған. Бірақ астаналық дәрігерлер де көмек көрсете алмаған.
"Ереванда бізді невропотологқа жіберді. Дәрігер көзімнен бірнеше кристалл алды. Сосын біз түстену үшін рұхсат алып, 5 минуттан соң қайтып келдік. Ол көзімнен тағы да кристалл алды. Мұны көрген дәрігер "мен сендерге сенбеймін, кетіңіздер" деп қуып шықты", - дейді Сатеник.

Дәрігерлер науқасқа көзге тамызатын дәрі мен антибиотиктер жазып берген. Бірақ бұл препараттар керісінше әсер еткен. Осы оқиғаға үкімет те назарын аударған. Республика деңгейінде екі рет жиналыс өткен. Алдағы уақытта әйелдің ауруын талқылау үшін тағы бірнеше жиын болады.
"Біз денсаулық сақтау министрлігінің бас кеңесшісі және басқалар бірігіп, офтальмолог Арташаш Зилфянмен екі рет кездесу өткіздік. Ол науқаспен де кездесті, жағдаймен танысты. Біз Сатеникпен тағы бір кеңес өткізуді жоспарлап отырмыз. Ақпараттар жинаймыз, содан кейін ғана науқастың диагнозы белгілі болады”, - деді Армения денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ованнес Арутюнян.
Егер Армениядағы мамандар нақты диагноз қойып, емдеуді тағайындай алса, бұл басқа науқастарды құтқаруы мүмкін. Өкінішке орай, Сатеник Каразян көзінен жас орнына кристалл ағатын жалғыз науқас емес. Сіз интернеттен осыған ұқсас тағы екі оқиғаны таба аласыз. Бірі Бразилиядағы мұғалім, екіншісі Ливан қызы.
Көзден алынған кристаллдардың құнын білу үшін тексеруге жіберілген. Нәтижесі әлі анықталмаған.

23 қыркүйек 2019 ж. 727 0