Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» Жұдырықты жұмып, өзіңізді таныңыз

Жұдырықты жұмып, өзіңізді таныңыз

   Біздің қолымыз өзіміз туралы ақпаратты ең жақындарымызға қарағанда, тіпті ең жақсы психологтарға қарағанда дұрыс айтып беруі мүмкін. Ол үшін тек алақаныңызды жұмыңыз. Қай суретте көрсетілген қолға сәйкес келеді, сол суреттің нөмірі бойынша мәтінді оқыңыз.
ÐұдÑÑÑÒÑÑ Ð¶Ò±Ð¼Ñп, өзÑÒ£ÑÐ·Ð´Ñ ÑанÑÒ£Ñз
   1. Бұл адамдар ұяң, көбісі парасатты. Олар жан-жақты жетілген, тірі энциклопедия. Сіз бір нәрсеге бағытталмайсыз, ұшы-қиыры жоқ ұғымды игеруге ұмтыласыз. Әлемді, өмірді кеңірек тануды ұнатасыз. Идея тудырушы ретінде қарайтын болсақ, қуаты таусылмайтын, қолды-аяққа тұрмайтын адам деуге болады. Тұлғаның екінші қыры: қоғамдық ортадағы кейбір адамдар сіздің шынайы бейнеңізді тануы мүмкін. Негізінен іштей өте тұйық жансыз.

   2. Бұл адамдар өз-өзін үнемі қатаң тәртіпте ұстайды. Кейде түнерген адам секілді көрінеді, бірақ іштей нәзік, жаны жараланғыш келеді. Терең білімді игеру екінің бірінің қолынан келмейді. Сіздің түйсігіңіз өте жақсы дамыған. Алтыншы сезімге көбірек ұқсайды. Себебі миыңыз үнемі ең дұрыс шешімді қабылдау үшін ой үстінде болады. Тұлғаның басқа қыры: адамды бірден тани алмайсыз. Біреуді сыртынан сипаттар кезде аяқ тартып қалыңыз, тіпті ол туралы ештеңе айтпаңыз. Сіз секілді тұлға сирек кездеседі, бірақ өзгелер өз деңгейіндей бағаламайтындай сезінесіз.

  3. Бұл адамдар реалист, аяғынан тік тұрады, тәжірибелерді жақсы көреді. Бірақ кейде есепші болып кетеді, бұл өзгелердің қалтасына қол сұғады деген сөз емес. Олар шығармашылыққа арналған тұлға деуге болады. Өмірден не қалайтындарын, өзіне не керегін өте жақсы біледі. Егер достары қолдайтынына сенімді болса, ол бағындырмайтын белес қалмайды. Сенімді, салмақты адам. Келесі қыры: Көздеген нысанаға жеткеннен кейін жерге түсуді ұмытып кетпеңіз. Жағдайдан қашықта оны дұрыс бағалай аласыз. Ал нақты бағалауға келгенде тамыр соғысыңыз баяуламасын.

  4. Бұл адамдар байқағыш. Олар құмнан қамал тұрғызуға, тиыннан миллион құрауға қабілетті. Кішкене бюджетті ғана емес, өз ресурстарын да басқара алады. Мұндай адамның ұраны: «Ақырын жүріп, анық бас!» Олар мақтаншақ емес, бірқалыптылықты жақсы көреді. Тыныштықта сабырлы өмір сүргісі келеді. Тұлғаның екінші қыры: басқа типтегі адамдармен бірден араласып кете алмауы мүмкін. Өз аулаңызда тұйықталып қалмаңыз. Тек жол соңында сорпаңызды бөліп ішер жанның кім болары маңызды...

Сіздің қолыңыз қай суретке сай келді?

Дайындаған Ерлан АБДРАСИЛОВ
---
07 маусым 2019 ж. 2 390 0