№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» «Әлемді ғылым құтқарады» тақырыбында конференция өтті

«Әлемді ғылым құтқарады» тақырыбында конференция өтті


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында  «Студенттік ғылым-2024» ХХVІ дәстүрлі студенттік ғылыми конференциясы өтті.  Конференция "Әлемді ғылым құтқарады" атты ғылым айы аясында ұйымдастырылған. Ал ондағы  пленарлық мәжіліске “Білім Ыбырай” қоғамдық қорының директоры Нұрбек Серікбаев пен қор өкілдері, университеттің профессор-оқытушылары және  білім алушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен конференция басталмас бұрын қатысушылар көрме ұйымдастырды. Яғни қолдан жасалған бұйымдар мен түрлі  табиғи өнімдерін ұсынды. Нақтырақ айтатын болсақ қатысушылар химиялық зерттеулерді жүргізу арқылы шаш пен тырнақтың күтіміне арналған табиғи өнімді жасаған. Ол үшін қой мен жылқының майын және мед секілді таза өнімдерді қолданған. Мәселен шаш күтіміне арналған май - шаштың түсуін тоқтатып,  шаштың өсуіне көмектеседі. Ал тырнақтың күтіміне арналған май, тырнақтың бір қабат терісінің түсуін, сынуын тежеп, қатайтады. Зерттеулердің нәтижесінде бұл өнім адамдарға  аллергия белгісін тудырмады. Сондай-ақ көрмеге қатысушы студенттер асыл тастар коллекциясы мен  роботохникалық машина және қолдан тігілген тоқыма  сынды басқа да түрлі ғылыми  шығармашылық жобаларын  ұсынды.
Мұнан соң көрме пленарлық мәжіліске жалғасты. Онда университеттің басқарма мүшесі  Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева сөз сөйледі. Ол  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2022-2024 пен 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру, бағдарламалы-нысаналық қаржыландыру жобасы аясындағы ғылыми жобаның қатысушы студенттеріне алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.
Қатысушы студенттер дайындаған ғылыми жобаларын қорғап, өзекті тақырыптар бойынша баяндама жасады. Оның ішінде үздік баяндама жасағаны үшін I дәрежелі дипломмен Х-22-1 оқу тобының студенті Арслан Сағындық, ТПП-21-1 оқу тобының студенті Жанар Ағаділ мен Фин-21-1 п/я оқу тобының студенті Давид Цой және ХТО 21-1 оқу тобының студенті Айым Бауыржанқызы марапатталды.
Одан бөлек байқаудың университетішілік   I-кезеңінде жүлделі орын алған жастарға диплом және "Білім Ыбырай" қорының қаржылай сыйлығы табысталды.
---
29 сәуір 2024 ж. 219 0