Мақалмен өрілген өмір
Редакциямызға арнайылап келген ағамыз жайғасып отырар-отырмас сөз мақамын мақалмен бастады. Тірлігіңнің мағына-мәнерін жұп-жұмыр жырдай қып құлағыңа құйып берер бір жалғаны жоқ жақұт сөздер тыңдаған жанның көкірегіне қона қалатын қасиетінен ажырамаған, аңырап тыңдап қалыппыз. Бұл қария не айтпақ екен бізге?...