БІР ҚАСЫҚ СҮТ
Момын тағы да ерте оянды. Құдайдың жалғыз демалысында жата тұруға болады ғой. Өйтпеді. Әйтеуір бір мазасыздық түртіп оятады. Зарлауық кереуеттің дымын шығармастан, ептеп бір қырына аунады. Көзін жұмып ұйқы шақырғаны әурешілік болды. Төсектен басын көтерместен аяғын еденге түсірді....