№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бас мүфти халықты Рамазан айында барынша қайырымды болуға шақырды

Бас мүфти халықты Рамазан айында барынша қайырымды болуға шақырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы халықты Рамазан айындағы қайырымды істерге белсенді атсалысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі. Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақасы мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен беруге болады», – деді Бас мүфти орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз екенін еске салды. Алайда, жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы жарамайтын адамдар дертінің асқынуынан қауіптенсе ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғатымыз рұқсат береді. Сондай-ақ жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге де уақытша ораза ұстамауға болады.
Оның айтуына қарағанда, Рамазан айында мүмкіндігінше мұқтаж жандарға көмектесіп, олардың алғысы мен батасын алуға асыққан абзал. «Зекет және қайырымдылық» қоры қасиетті Рамазан айында бірнеше қайырымдылық жобалар өткізбекші. Атап айтқанда, «Шарапатты Рамазан», «Рамазан қоржыны», «Рамазаннан тәберік» сынды ауқымды республикалық қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастырады.
«Барша халықты сауапты істерімізге үлес қосып, жақсылықтың басы-қасынан табылып, белсенді түрде атсалысуға шақырамын. Осы ретте кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға үндеймін. Жақсы амалдарыңыз өздеріңізге еселеп жақсылық болып қайтатынында күмән жоқ», – деді Бас мүфти.
20 наурыз 2023 ж. 519 0