Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Анамның айтқан ақылы

Анамның айтқан ақылы


"Басына ақ жаулық салып, ақ ниетпен аттаған босағаңды сүйегім шығар шаңырағым деп бар. Осыдан бастап саған менен ерің, ата- енең , сол өз жұртың жақын. Отбасыңда болып жатқан ешқандай жағдайды бізге айтпа. Өзің таңдап, сүйіп тидің. Таңдағаның таз болып шықса, талайыңнан көрерсің. Жақсы əйел жаман ерді хан етер. Енді солар су ішсе,-су ішіп, бал жесе- бармағыңды жалап отырарсың. Ұрыс- керісің өз ішіңде қалсын. Анам келіп сөзімді сөйлеп, алып кетеді дегенді ойыңа да алма. Өлтіріп жатса да маңдайыңа жазғанды көресің. Өлтірсе өздері көмеді. Өйткені сен маған Алланың берген аманаты едің. Енді сен күйеуіңнің аманатысың. Менен кеттің еліңе жеттің. Қазақта баланы молдаға оқуға бергенде "Сүйегі менікі, еті сенікі" деп берген. Бұл баланы оқытып, тəрбиелегенде араласпаймыз. Тек өлтірмей, ешжерін сындырмай қайтарсаңыз болды деген мағынада. Ал қызын күйеуге бергенде бұлай айтылмайды. Қыз тұрмысқа шыққанда ол сол елдің адамы болып саналады. Сүйегі сол елде қалады. Сондықтан қызым сен ол жақты маған жамандап отырсаң біздің ортамыз ащы болады. Сыйластық қалмайды. Екі елдің ортасын жалғастырар елші өзіңсің. Сенің сол еліңе жасаған құрметің, ізеттілігің, еңбегің бəрі менің мерейімді өсіреді. Қатты айтты деп жылама. Бұдан кейінгі жаңа өмірде өз орныңды тауып, сол еліңе сыйысып кетуің үшін маған осылай жасау керек. Еркелігіңді, артық- ауыс мінездеріңді үйдің табалдырығынан аттап шыққанда үйде маған қалдыр. Үлкен өмірге кішіпейіл мінезбен, иманды жүрекпен қадам бас. Өзіңе Алла жар болсын, жарығым!"

Материал vk.com әлеуметтік желісінен алынды.
18 желтоқсан 2019 ж. 1 206 0