№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білім саласының қандай қызметкерлері баспанамен қамту бағдарламасы бойынша үй ала алады

Білім саласының қандай қызметкерлері баспанамен қамту бағдарламасы бойынша үй ала алады

Арын Орсариев білім саласының қандай қызметкерлері аталмыш бағдарлама бойынша үй ала алатынын айтып берді.

  «Жалпы бағдарламаға қатысуға кімнің құқығы бар? Министрліктің және ведомствоның бағынысты ұйымдарының қызметкерлері кезек тәртібі бойынша ала алады. Соңғы бес жылда олардың атында тұрғын үй болмауы керек. Сондай-ақ, төлем қабілеті расталуы тиіс. Яғни, кіріс туралы анықтама алып келуі қажет. Кейін сатып алу құқығымен тұрғын үй беріледі», - дейді ол.

  БҒМ жауапты хатшысы шамамен бұл үйлердің қанша тұратынын да есептеп беруге тырысты.

  «Шаршы метрін 260 мың теңге деп есептесек, 50 шаршы метрлік үй шамамен 13 миллион теңге тұрады. Егер жалға беру мерзімі 20 жыл болса, ай сайынғы төлем шамамен 60-70 мың теңге болмақ. Егер біз келісімшартты 15 жылға жасар болсақ, айына 80-90 мың теңгеге айналады», - дейді Арын Орсариев.

 Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов болса ең алдымен мұқтаж отбасыларға маңыз берілетінін атап өтті. https://www.inform.kz/kz/lauazymyna-basymdyk-berilmeydi-birtanov-darigerlerge-beriletin-pater-zhayly_a3534462

  «Жалға берілетін пәтерді медициналық саладағы барлық маман иесі ала алады. Дәрігерлерден бөлек, медбикелер, ауруханаларда еңбек ететін мамандар, яғни есепшілер мен инженерлердің де өтінім беру құқығы бар. Яғни, лауазымы бойынша ешкімге ешқандай басымдық берілмейді. Осыған дейін айтылғандай, өтінім берген медициналық қызметкердің және оның отбасы мүшесінде атында үй болмауы керек. Қысқаша айтқанда, баспанаға барынша мұқтаж қызметкерлерге маңыз беріледі», - деді Елжан Біртанов.

06 маусым 2019 ж. 927 0