Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қасым Жомарт Тоқаев көшбасшы жастармен жүздесті

Қасым Жомарт Тоқаев көшбасшы жастармен жүздесті


Мамыр айының алғашқы күндерінде сол жағалауда жастарға қызмет көрсету орталығы іске қосылды. Жастар орталығында IT-park, антикафе, интернет, кітапхана, жаттығу залы қарастырылған және тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Орталықта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ жастарымен кездесті. Жүздесу барысында Санкт-Петербург мемлекеттік өнеркәсіптік технологиялар және дизайн университетінің түлегі Жазира Смаилова жас ұрпаққажасалып жатқан қамқорлығы мен қолдауы үшін өз ризашылығын білдірді. 2014 жылдан бастап Қызылорда облысы басшылығының қолауымен қызылордалық мектеп түлектері Мәскеу мен Санкт-Петербургтің алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болды. Айта кетерлігі, 2018 жылы 32 түлек оқуын тәмамдап, аймақ кәсіпорындарынада еңбек жолын бастады. Биыл тағы да 132 білім алушы оқуын бастайды деп күтілуде.




14 мамыр 2019 ж. 1 421 0