№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Махаббат жасқа қарамайды: Жұбайы өзінен әлдеқайда үлкен жұлдыздар кімдер?

Махаббат жасқа қарамайды: Жұбайы өзінен әлдеқайда үлкен жұлдыздар кімдер?

Отандық шоу-бизнес әлемінде өзінен әлдеқайда жас қызды жар етіп алғандар мен жасы кіші жігітке тұрмысқа шыққандар жетерлік. Жас айырмашылығына қарамастан бақытты ғұмыр кешіп жатқан өнер иелері жайлы жазады zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті NUR.KZ сайтына сідтеме жасап.
Асанәлі Әшімов пен жұбайы Бағдат Әшімованың арасы - 34 жас.
Халық әртісі үш бірдей жақынынан айырылып, 2013 ауруханаға түсіп қалған.
Осы уақытта актер қазіргі жұбайы Бағдат Әшімовамен танысады.
Бүгінде олардың Асанәлі есімді ұлдары бар.

Еркін Нұржановтың екінші әйелі өзінен 14 жасқа кіші
"Жігіттер" тобының экс солисі Еркін Нұржанов алғаш рет 2011 жылы шаңырақ көтерді. Әншінің жүрегін жаулаған сұлудың аты — Аягөз еді.
"Жүрегімде қап қойған, жаным, саған кім екен Аягөз деп ат қойған?", - деп оған ән де арнаған болатын. Алайда екеуінің дәм-тұзы жараспай ажырасып кетті.
Бұдан кейін эстрада жұлдызы араға үш жыл салып тағы үйленді. Сүйіктісі — өзінен 14 жас кіші Динара есімді Тараз қаласының тумасы.
Әнші үйлену тойын Шымкент қаласында дүркіретіп өткізіп, барша өнердегі жора-жолдастарының басын қосты. Бүгінде олар үш бала тәрбиелеп отыр.

Отандық жұлдызды жұп Бүркіт пен Аишаның жас айырмашылығы - 12 жас
Ең алғашында әнші жігіт Аишаға ғашық болып сезімін білдірген.
Олардың арасындағы жас айырмашылығы алғашында қарым-қатынас құруға кедергі болыпты
Бүгінде жұлдызды жұп екі ұл мен бір қызды тәрбиелеп отыр.

Мәдина Сәдуақасова мен күйеуі Олжастың арасында 7 жас айырмашылық бар
Әнші бірінші жолдасымен бір жарым жыл уақыт бірге тұрып, 2008 жылы ресми ажырасып кеткен. Көпшілік оның алғашқы жұбайының кім екенін білмесе де, бұрын отбасылы болғанынан хабардар.
Екінші рет Мәдина Сәдуақасова 2014 жылы 2 ақпанда тұрмысқа шығып, Алматы мейрамханаларының бірінде дүркіретіп той жасады.
Әнші қазіргі жолдасымен 2009 жылдан бері таныс болса да, 2013 жылдан бастап кездесе бастаған.
Сәдуақасованың айтуынша, олардың арасындағы 7 жас айырмашылық екеуіне еш кедергі келтірмейді. Бүгінде олар Әнуар есімді бір ұл бала тәрбиелеп отыр.

Атышулы жұп Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет
"Кешьюдің" бұрынғы әншісі Ақбота Сейітмағамбеттің күйеуі өзінен 14 жас үлкен.
"Гламур для дур" фильмінің түсірілімінде басталған махаббат хикаясы бойжеткеннің отбасылы адамға тұрмысқа шығуымен аяқталған еді.
Үш баласы бар актер бірінші әйелінен ажырасып, бүгінде Ақботамен заңды некеге тұрған. Олардың ортақ бір ұл, бір қызы бар.

Айқын мен Жұлдыз Өмірғали
Осыдан бірнеше уақыт бұрын Айқынның Жұлдыз Өмірғалиді үйінен көтеріп алып бара жатқан видеосы желіге таралып кетті.
Алғашында жұртты "фильмнің түсірілімі" деп алдаған әнші 2018 жылдың соңында екінші рет отау құрғанын растады.
Айқын алғашқы жары Әсел мен балаларын да асырап отырғанын айтты. Ал бүгінде әнші Жұлдыз Өмірғалимен бірге.
Олардың ортақ бір ұлдары бар. "Кешьюдің" бұрынғы әншісі биыл тағы да сәби күтіп жүр.

Гүлнұр Оразымбетова мен шенеунік Серікбай Нұрғисаевтың арасы - 21 жас
Отандық әнші Гүлнұр Оразымбетова жақында ғана отандық бағдарламалардың бірінде өзінен 21 жас үлкен азаматқа қалай ғашық болғанын айтып берді.
19 жасында отбасылы адамды ес-түссіз сүйіп қалған әнші бүгінде екі ұл тәрбиелеп отыр.


13 ақпан 2019 ж. 2 139 0