№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2018 жылы жолы болмаған миллиардерлер кімдер?

2018 жылы жолы болмаған миллиардерлер кімдер?


Байлар да жылайды... 2018 жыл кей миллиардерлер үшін аса табысты болса, енді біреулері үшін сәтсіз өтті деп хабарлайды Massaget.kz сайтына сілтеме жасап zhanaqorgan-tynysy.kz интернет  газеті. Соның ішінде жолы болмағандар көшін біз білетін facebook әлеуметтік желісінің иесі Марк Цукерберг бастап тұр. Forbes басылымы жариялаған мәлімет бойынша Марк 2018 жылы шығынға батқан жалғыз америкалық миллиардер екен. Оның байлығы биыл 18,7 миллиард долларға кеміген. Дегенмен әйгілі тұлға кедей болып қалған жоқ. Қазіргі байлығы 52,5 миллиард доллар шамасында. - Аяқталғалы жатқан жыл Марк Цукерберг үшін қиын болды. Әлеуметтік желі пайдаланушылардың рұқсатын алмай, жеке басына қатысты мәліметтерді тексергені үшін басы ұзақ дауға қалды, - деп жазады басылым. Әлеуметтік желі қолданушылары жеке мәліметтерінің тарап кетуіне байланысты сәуір айында Марк Цукерберг үлкен сынға ұшырады. АҚШ Конгресс өкілдік палатасы алдында түсінік берді. Нәтижесінде бірер күннің ішінде компанияға 8 миллиардтай шығын келді. 2018 жылы жолы болмай, қаржысы азайған миллиардерлер қатарында Zara сауда жүйесінің негізін қалаушы Амансио Ортега да бар. Оның байлығы биыл 16,2 миллиард долларға азайыпты. Неміс көліктері мойынтірегін жасайтын компания акционері Георг Шеффлер де биыл жолы болмаған миллиардерлер үштігінде. Оның байлығы 14 миллиард долларға азайып, 12,4 миллиард доллары қалған. Қытайдың Tencent холдингі басшысы Ма Хуатен де жолы болмағандар тізіміне енген. Оның биылғы шығыны 10,1 миллиард долларды құрап отыр. Қазіргі байлығы 35,1 миллиард долларға тең. Әлемнің ең бай адамдары рейтингінде алғашқы қатарлардан талай жыл көрініп келген мексикалық миллиардер Карлос Слим үшін де 2018 жыл сәтті өтпегендей. 9,3 миллиард долларға қаржысы азайған. Қалғаны да аз емес. Қазіргі байлығы 56,8 миллиард доллар шамасында. Bloomberg ақпараты бойынша 2018 жылы әлемнің ең бай адамдары 511 миллиард доллар көлемінде қаржы жоғалтқан. Бұл жыл соңындағы әлемдік саудадағы нарықтың төмендеуімен түсіндіріліп отыр.
30 желтоқсан 2018 ж. 944 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 15:04
Antabuse For Sale No Prescription Get Suprax Shipped Next Day Where Can You Buy Female Viagra viagra Buy Generic Viagra India Cialis 12 Priligy Duracion Efecto

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 04:01
In House Pharmacy Motilium General Prinivil 40 mg levitra pills on line for sale Viagra Nutzt Nichts Femara To Buy Without Prescription Fda Approved Canadian Pharmacies