№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі- халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны
Қазақстан Республикасында әлеуметтік тәуекелдердің туындауына байланысты жоғалтқан табысының бiр бөлiгiн өтеу үшiн халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізіліп, жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшыларға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар табыстарынан әлеуметтік аударымдарды төлеуде.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылатын әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесінің қосымша деңгейі болып табылады.
Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді.
Әлеуметтік аударымдар «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ  шоғырландырылып, Қор активтерінен әлеуметтік қатер туындағанда, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларына әлеуметтік төлемдер тағайындалып, төленуде.
Әлеуметтік аударымдар кімдер үшін төленбейді?
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405 Заңының 8-бабында көрсетілгендей «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілмейді. Бұл дегеніміз, ағымдағы жылда ер кісілер – 63 жасқа және әйел кісілер – 58 жыл 6 ай толғаннан бастап, ол кісілер үшін әлеуметтік аударымдар төлеу тоқтатылады.

Әлеуметтік аударымдардың ең төменгі және ең жоғарғы мөлшері қандай?
Міндеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ай сайын жүргізіледі.
Жұмысберушілер жалдамалы жұмысшылары үшін, ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар өздеріне әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң (табысынан) 3,5 % мөлшерінде әлеуметтік аударымдарды төлеуді жүргізеді және де әлеуметтік аударымдардың ең төменгі және ең жоғарғы мөлшері белгіленген.
Бұл ретте, ай сайынғы табыс әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының (бұдан әрі - ЖТМ) он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады. 2018 жылға әлеуметтiк аударымның ең жоғары мөлшері- 9900 тг. (28284тг. *10*3,5%) құрайды.
 Егер күнтізбелік айда әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі (табысы) ЖТМ кем болса, онда әлеуметтік аударымдар ЖТМ негізге алына отырып есептеледі, аударылады, 2018 жылға әлеуметтік аударымның ең төменгі мөлшері – 990 тг. (28284тг. *3,5%) құрайды.
Азаматтар толық емес ай жұмыс істеген жағдайда әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі заңда белгіленген ең төменгі жалақының мөлшерінен аз болуы мүмкін, бұл ретте де жұмыс беруші жұмысшысы үшін әлеуметтік аударымның ең төменгі мөлшері – 990 тг. (2018жылғы мөлшері) аударуы қажет.
Әлеуметтiк аударымдардың сомасын қайдан білуге болады?
        Заңға сәйкес, жұмыс беруші  әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және толық көлемiнде төлеуге міндетті. Ал, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын әлеуметтiк аударымдардың толықтығын және уақтылы төленуін қадағалауды мемлекеттік кіріс органдары қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылары аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы (дұрыстығын тексеру үшін) өзі үшін ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация бөлімшелерінен тегін алуына болады. Әлеуметтік аударымдар әр айға жеке төленуі және азаматтар өзі үшін аударылған әлеуметтік аударымдарды қадағалап, олардың болуын тексеруі қажет.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары қандай жағдайда әлеуметтік төлемдер алуға құқығы болады?
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары:
- еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда;
- асыраушысынан айырылған жағдайда;
- жұмысынан айырылған жағдайда;
- жүктілікке және босануға немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда;
- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер алуға құқылы.
Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем «еңбек ету қабiлетiнен айырылған» деп белгiленген барлық кезеңге тағайындалады. Ол әлеуметтiк төлем тағайындауға өтiнiш берушінің жұмысты тоқтатқанына немесе iстеп жатқанына қарамастан тағайындалады. Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін куәландыру медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Егер отбасының асыраушысы жұмыс істеген және ол үшiн Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген адам қайтыс болса, асыраушының отбасы мүшелерi асыраушысынан айырылған жағдайда төленетінәлеуметтiк төлемді алуға құқылы. Сондай-ақ, әлеуметтік төлемнің бұл түрін алуға сот «хабар-ошарсыз кеттi» деп таныған немесе «қайтыс болды» деп жариялаған асыраушының отбасы мүшелерi де құқылы болады.
Егер азамат жұмыссыз қалса, біріншіден ол жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға жұмыссыз ретiнде тiркелуі қажет. Содан кейін ол жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындауға өтініш білдіре алады. Әлеуметтік төлемдердің бұл түрі өтініш беруші үшін төленген әлеуметтік аударымдардың ұзақтығына байланысты бір айдан төрт айға дейін, ал штат қысқартылған жағдайда, кәсіпорын таратылғанда және өндіріс көлемі төмендеген жағдайда жұмыстан босатылғанда төлем мерзім алты айға дейін ұзартылады, егер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі 36 ай және одан жоғары болса.
Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріліп, жүктілікке және босануға байланысты жұмыс орнынан демалысқа шыққаннан кейін жүктiлiкке және босануға немесе жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлем тағайындалады. Бұл әлеуметтік төлемнің мөлшерi әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген айлық табыс мөлшеріне және еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген күндері санына байланысты болады. Төлем жүктілікке және босануға байланысты берілген демалыстың барлық кезеңіне төленеді.
Сонымен қатар, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем, балаға күтімді жүзеге асыратын азаматқа тағайындалады. Әлеуметтік төлемнің бұл түрі баланың тууы туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап ол бiр жасқа толған күндi қоса алғандағы мерзімге төленеді. Екi және одан да көп бала туған жағдайда бұл әлеуметтiк төлем әр балаға жеке тағайындалады.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш берудің алдында әлеуметтік аударымдардың толық аударылғанын тексеру қажет. Өйткені, әлеуметтік тәуекел туған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлемнің мөлшері азаматтың жұмыс берушісінің әлеуметтік аударымдардың мөлшерін есептеуіне (қаншалықты дұрыс) және оларды ай сайын уақытылы аударуына байланысты болады.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ www.gfss.kz сайтынан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толық ақпарат алуға болады. Атап айтқанда,«Электрондық қызметтер» бойынша, жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алуға құқықтың болуын тексеру, әлеуметтік төлем тағайындауға құжаттарды қарау мәртебесін іздеу, әлеуметтік төлемдер калькуляторы және кері қоңырауға тапсырыс беру мүмкіншілігі бар.

Қызылорда облысы бойынша
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы
21 желтоқсан 2018 ж. 1 654 1

Гость Jeahulalf от 14 наурыз 2019 06:19
Viagra A Paris En Saint Levitra Overnight Delivery Keflex Std cheap cialis Propecia Descargar