№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » КІТАПХАНАҒА – КІТАП СЫЙЛАҒАН АҚСАҚАЛ

КІТАПХАНАҒА – КІТАП СЫЙЛАҒАН АҚСАҚАЛ


Ауылымыздың ақсақалы, ардагер ұстаз, зейнеткер Әбдікаримов Жорабек Төлегенұлы кітапханамызға арнайы ат басын бұрып, өзінің жақында «Жебе» баспа үйінен жарық көрген «Сұлулықтан сырға таққан дүние» атты кітабын сыйға тартты.


Жинаққа автордың әр жылдары жүрек сүзгісінен өткізіп, өмірден түйген ой-толғамдары мен сырлы сезімдерін өлең жолдарына өрген шығармалары топтастырылған. Әр өлеңінен ақынның өмірге деген көзқарасы, туған жерге деген сүйіспеншілігі, адамдық пен ізгілікке деген құрметі аңғарылады.

Кітап – автордың рухани әлемінен оқырманға жол тартқан асыл мұра. Ал осындай құнды дүниенің кітапхана қорын толықтырып, ауыл оқырмандарына ұсынылуы – біз үшін үлкен қуаныш.


		</div>	

		<div class=
08 қазан 2026 ж. 173 0