Құрылтай

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ



ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су ресурстарын басқару мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте су ресурстарын басқаруға қатысты жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді.

«Су алу науқанында су шаруашылығы нысандары жұмысының тұрақтылығын, жоспарға сәйкес ұйымдастырылуын қатаң бақылауға алыңыздар. Сырдария суын егістікке ысырапсыз пайдаланып, Кіші Аралға жіберілетін көлемді жеткізу қажет.
Одан бөлек, көлдер жүйесі мен шабындық, жайылымдарды суландыруға ерекше назар аудару керек. Бұл аймақтағы экологиялық жағдайды тұрақтандыруға септігін тигізеді.
Биыл су жеткізу қызметінде биллингтік жүйе ресми түрде іске қосылып, су тұтынушылармен электрондық келісімшарт жасау толық аяқталды. Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, шаруашылықтар әр айдың 25-іне дейін су жеткізу қызметі үшін төлем жүргізуі тиіс», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Айта кетейік, су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған өңірлік кешенді жоспарына 112 жоба енгізілген. Су ресурстарын тиімді пайдаланудың жүйелі шараларына 10 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Өткен жылы су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, 8,1 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, биыл бұл көрсеткіш 14,2 мың гектарға жеткізілді.
Су шығынын азайту үшін 65 мың гектар күріш алқаптары лазерьмен тегістелді. Осыған сәйкес бірінші кезекте 75 нысанның су қорғау жобалық құжаттамасын әзірлеу жоспарлануда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
08 шілде 2026 ж. 42 0