№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап ыстық болады


«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 7-9 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерінде жел күшейеді, деп хабарлайды 
Egemen.kz.
Жаңбыр мен найзағай болжанатын өңірлер:
  • 7-9 шілде – еліміздің батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында;
  • 7-8 шілде – солтүстігінде;
  • 7 шілде – орталық және шығыс өңірлерде;
  • 8 шілде – батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында.
Батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде желдің күшеюі күтіледі.
Синоптиктер алдағы күндері қатты ыстық болатынын ескертті. Елдің солтүстік-батысы мен орталығында ауа температурасы +35...+39 градусқа дейін көтеріледі. Кейбір өңірлерде аптап ыстық +41 градусқа жетуі мүмкін. Солтүстік аймақтарда +35...+38 градус болады. Ал республиканың қалған бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
16 шілде 2026 ж. 302 0