Сөз қадірін биік қойған тұлғаға тағзым

Жергілікті журналист, қарымды қаламгер Құдабай Ертаевтың туғанына 100 жыл толуына орай аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен тағылымы мол мүшәйрада кітапхана жанынан құрылған «Поэзия патшалығы» клубының ақындары да бақ сынап, жыр додасына белсене қатысты.
Жыр сүйер қауымның басын қосқан рухани кеште ақындардың шабытты жырлары көрермен көңілінен шығып, тартысқа толы мүшәйра жоғары деңгейде өтті. Өлеңге деген сүйіспеншілік пен сөз өнеріне деген құрмет айқын сезілген кеште қатысушылардың шығармашылық қарымы танылып, үздік ақындар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, Құдабай Ертаевтың өнегелі жолын ұлықтап жүрген Ертаевтар әулеті де қатысушыларға өздерінің ыстық ықыласын білдіріп, сый-сияпаттарын табыстады.
Ғасырлық ғұмыр иесінің есімін ардақтап, сөз өнерінің қадірін ұлықтаған осындай тағылымды шаралар жас буынның рухани дүниесін байытып, ұлттық әдебиетке деген құрметті арттыра түсетіні сөзсіз.
Өлеңнің өрісі кеңейіп, руханияттың шамшырағы сөнбесін!



