№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

№31 (8945) 28

28 сәуір 2026 ж.

№30 (8944) 25

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қызылордада үстел теннисінен облыстық турнирдің ашылу салтанаты өтті

Қызылордада үстел теннисінен облыстық турнирдің ашылу салтанаты өтті


“Samruk Kazyna Trust” корпоративтік қорының 10 жылдық мерейтойына орай бүгін қаланың сол жағалауындағы “Теннис орталығында” үстел теннисінен тұңғыш рет “Samruk Alaman” облыстық ашық турнирі бастау алды.


10 жылдық мерейтой аясында ұйымдастырылған дүбірлі додаға Түркістан, Шымкент, Байқоңыр және Қызылорда облысының барлық аудандарынан келген 150-ге жуық спортшы ересектер, жастар және жасөспірімдер санаты бойынша бақ сынауда.

Салтанатты шараның ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, “Samruk Kazyna Trust” корпоративтік қоры бас директорының орынбасары Аман Төрегелдин, басқарма басшысы Бақтияр Артаев қатысты.

Алғы сөз алған облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы аймақ спортының соның ішінде үстел теннисінің даму қарқынына тоқталып, тартысқа толы турнирді жоғары деңгейде ұйымдастыруға ұсыныс білдірген “Samruk Kazyna Trust” корпоративтік қорына ерекше алғыс білдірді.

-Ең алдымен баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан Халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Айтулы мерекемен қатар еліміздегі іргелі әрі бірегей қорлардың бірі - «Samruk Kazyna Trust» корпоративтік қорының 10 жылдығына орай республика көлемінде спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтуде. Бүгін мінекей, аталған қордың бастамасымен қаламызда үстел теннисінен облыстық ашық турнир ұйымдастырылып жатыр. Тартысты турнирде еліміздің бірнеше аймағынан және Қызылорда облысынан 150-ге жуық жас теннисші өзара бақ сынамақ.
Осы ретте, өңірдегі спортты дамытуға айрықша атсалысып, игі бастамаларды жүзеге асыруда үлкен қолдау көрсеткен «Samruk Kazyna Trust» корпоративтік қорына алғыс білдіремін!, - деді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, “Samruk Kazyna Trust” корпоративтік қоры бас директорының орынбасары Аман Төрегелдин барша жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, ізгі тілегін жеткізді.

-«Samruk Kazyna Trust» корпоративтік қорының 10 жылдық мерейтойы аясында республика көлемінде әртүрлі спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылуда. Ауқымды шаралардың барлығы «Samruk Kazyna Trust» корпоративтік қорының демеушілігімен салынған еліміздегі 19 заманауи спорт кешенінде өтеді. Бүгін мінекей, Қызылорда облысында бастау алған жарысымызға үздік командалар жиналып, өз шеберліктерін танытпақ. Жеңімпаз атанған спортшыларға аталған қорымыздың спорттық құрал-жабдықтар алуға арналған қаржылай сертификаттары табысталатын болады. Осы ретте, барша жас теннисшілерге сәттілік тілеймін!, - деді Аман Жақсыбайұлы.

Шара соңы Сыр өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, көрермендерге мерекелік ән-шашу тарту етілді.
03 мамыр 2026 ж. 34 0