№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады


Фото: timeoutdubai.com
Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартып, қолма-қол ақшасыз төлемдерге өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
– Дубайдағы мемлекеттік және жеке секторлардағы барлық төлемнің 90%-ы 2026 жылдың соңына қарай қолма-қол ақшасыз болады, – деп хабарлады Дубай үкіметінің баспасөз қызметі. 
Қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшу стратегиясы алғаш рет 2024 жылы жарияланды.
Ол банкноттар мен монеталарды алып тастауға және Дубайды қолма-қол ақшасыз қалаға айналдырудың ауқымды мақсатын жүзеге асыруға бағытталған.
Бұл мақсатты жүзеге асыру құралдарына банк және басқа да қосымшалар, карталар және болашақта – цифрлық төлем саласында ЖИ негізіндегі инновациялар кіреді. Әмірлік билігі Дубайдың қаржылық инновациялардың жаһандық орталығы және цифрлық экономикадағы жаһандық көшбасшы ретіндегі орнын нығайтуды жоспарлап отыр.
09 қаңтар 2026 ж. 633 0