№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (8912) 23

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » СЫР ЕЛІНДЕ ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУГЕ АТСАЛЫСПАҚ

СЫР ЕЛІНДЕ ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУГЕ АТСАЛЫСПАҚ



Мемлекет Басшысының «Суды үнемдейтін озық технологияларды қолдану арқылы егістік алқаптарын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту» жөніндегі тапсырмасына сәйкес Сыр өңірінде маңызды инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Түркияның «Ardent Plastik» компаниясымен бірлесіп су үнемдеу технологияларын өндіретін зауыт ашу жоспарланған.

Осыған орай, бүгін облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев «Ardent Plastik» түрік компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Жиынға облыстық мекемелердің басшылары, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының жетекшілері қатысты.

Кездесу барысында шетелдік инвесторлар жобаның маңыздылығы мен тиімділігін таныстырып, компанияның артықшылықтарына тоқталды. «Ardent Plastik» компаниясы негізінен тамшылатып суару жүйелеріне арналған құбырлар мен пластикалық құбырлардың түрлі өнімдерін өндіруге маманданған.

«Ardent Plastik» — Түркиядағы суару жүйелері саласындағы жетекші өндірушілердің бірі. Компания спринклерлік қондырғылар, тамшылатып суару құбырлары және пластикалық құбырлардың кең ассортиментін шығарады. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 30,6 млрд теңгені құрайды.

Компанияның тарихы 1979 жылы полиэтилен гранулаларын өндіруден бастау алады. Ал 1995 жылдан бері суару жүйелеріне арналған өнімдер шығарумен айналысып келеді. Бүгінде Ardent Group өз өнімдерін әлемнің 35-тен астам еліне экспорттайды.

Мемлекет тарапынан ұсынылған мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, су тапшылығы жағдайында бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су үнемдеу бағытында жүйелі өзгерістер енгізу - басты мақсаттардың бірі. Осындай инвестициялық жобалардың өңірде жүзеге асырылуы су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізуге және ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосатыны сөзсіз.
24 желтоқсан 2025 ж. 1 097 0