Соңғы жаңалықтар

Ат спортынан алдамыз

31 қаңтар 2026 ж. 235

№8 (8922) 31

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (8921) 27

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (8920) 24

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Алаяқтар тактикасын өзгертуде: жәбірленушілер өздері байланысқа шығады

Алаяқтар тактикасын өзгертуде: жәбірленушілер өздері байланысқа шығады


Қазақстан  Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің  (бұданәрі  -   Комитет) Қылмыстық  қауіп-қатердің және қоғамдық  қауіпсіздіктің  тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа түрі  туралы ескертеді.

Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://www.kommersant.ru/doc/8230736,https://www.pravda.ru/news/videochannel/2313571-russia-new-fraud-scheme/https://iz.ru/1996945/2025-11-26/moshenniki-massovo-zastavliaiut-zhertv-samim-zvonit-im?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Finstory%2Fa910b074-a37c-54c8-bb26-884c26851152,       https://lenta.ru/news/2025/11/26/nazvana-samaya-populyarnaya-v-poslednie-mesyatsy-shema-moshennichestva/)   алаяқтар жаңа шабуыл толқынын іске қосып, жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан хаттар мен SMS -хабарламалар жіберуде. «Авторизациядағы қате», «домофонды ауыстыру»  немесе «есептегіштерді тексеру» деген сылтаумен  қаскүнемдер азаматтарды олардың өздерін қайта қоңырау шалуға мәжбүрлейді.

Нәтижесінде, ештеңеден күдіктенбейтін тұрғындаркибералаяқтарға әлеуметтік  инженерия құралдарын қолдануға жағдай жасайды.
Мыналарды ұсынамыз:
-  сақтық танытып, беймәлім кіріс хат-хабарлар мен қоңырауларға сыни көзқараспен қарау;
-  ұйымдардың ресми сайттарында көрсетілген телефон нөмірлеріне ғана қайта қоңырау шалу;
- екі факторлы аутентификацияны пайдалану;
-  банк карталарының  деректерін, SMS арқылы келетін бір реттік кодтарды және өзге де құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу.
Қырағы болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар!
17 желтоқсан 2025 ж. 604 0