Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Заң және тәртіп» тақырыбында семинар өтті

«Заң және тәртіп» тақырыбында семинар өтті

Бүгін Жаңақорған ауданында, М.Көкенов атындағы мәдениет үйінде «Заң және тәртіп» тақырыбында ақпараттық-танымдық семинар өтті. Семинарға Жаңақорған ауданы әкімі Мәжит Сәмитов пен Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Аслан Кеңесұлы төрағалық етті.
Шараның мақсаты — тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттырып, алаяқтықтың түрлі түрлерінен сақтандыру, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік пен қаржылық тәртіпті сақтау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Семинар барысында:
- Қызылорда облысы Полиция департаментінің Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Нұртілек Тұрмаханұлы онлайн алаяқтық және кибер қауіпсіздік мәселелеріне тоқталды;
- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалының заңгері Зарина Болатқызы әлеуметтік төлемдер мен қордың қызметі туралы баяндама жасады;
- Қызылорда облысы бойынша ЭТД-нің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Майра Тұрлыбекқызы қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы шаралар туралы айтып өтті.
- Қызылорда облысы бойынша ЭТД-нің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Айбек Орынбекұлы қаржы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, көлеңкелі экономиканың қаупі және тұрғындардың қаржылық қауіпсіздігін сақтау бағытында өзекті мәліметтермен бөлісті.
Семинар соңында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Аслан Кеңесұлы қаржылық сауаттылықты арттыру – қоғам тұрақтылығының кепілі екенін атап өтіп, халықты алаяқтықтың түрлі түрлерінен сақ болуға шақырды. Сонымен қатар, мұндай ақпараттық шараларды тұрақты түрде өткізу қажеттігін айтып, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді.
15 тамыз 2025 ж. 1 295 0