№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ҚАРАСОРА-2025: ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ҚАРАСОРА-2025: ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

1 маусым күні республика көлемінде «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шарасы аясында өңірде есірткі өсірудің 21 дерегі анықталды. Бүгінде облыс аумағында есірткі тасымалдау арналарын анықтау мақсатында 6 арнайы бекет құрылған. Бұл нысандарға жергілікті полиция, кинология қызметі, арнайы жасақтар жұмылдырылған. Сондай-ақ, барлық аудандық полиция бөлімдерінде мобильді-іздестіру және жедел-тергеу топтары жасақталған. Ал, «Қарасора» операциясы 31-ші қазанға дейін жалғасады. Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Тоқтыбаев мәлімдеді.
- Іс-шара кезінде барлығы 38 есірткі құқық бұзушылықтары анықталса, оның ішінде 21 дерегі есірткі өсіру, 4 дерегі есірткі өткізу, 1 дерегі жарнамалау және 12 дерегі есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар. Заңсыз айналымнан 96 кг. 839 гр. есірткі, оның ішінде 1 кг. 310 гр. марихуана, 86 кг. 106 гр. сора өсімдігі, 8 кг. 618 гр. көкнәр өсімдігі, 805 гр. синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Есірткі өсірумен айналысқан 19 адам ұсталып, оның 5-і қамауға алынды. Мобильді бекеттерде қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен есірткіге қатысты теріс қылықтардың 5 дерегі анықталды,- деді Серік Әбімәуленұлы.
02 маусым 2025 ж. 252 0