1 маусымнан бастап жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жаз мезгілінде республикалық маңызы бар автожолдарда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізді. Бұл шаралар күннің ыстық кезеңінде жол жамылғысын сақтап қалу және қауіпсіздікті арттыру мақсатында қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.Шектеу еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде 1 маусымнан 31 тамызға дейін, ал солтүстік және шығыс өңірлерінде 1 маусымнан 15 тамызға дейін +25°C жоғары ауа температурасы кезінде, күндізгі уақытта енгізіледі.
1 маусымнан 31 тамызға дейін сағат 10:00-22:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:
- Алматы облысы;
- Атырау облысы;
- Жамбыл облысы;
- Жетісу облысы;
- Ұлытау облысы;
- Қарағанды облысы;
- Қызылорда облысы;
- Түркістан облысы;
- Маңғыстау облысы.
- Абай облысы;
- Ақмола облысы;
- Ақтөбе облысы;
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Батыс Қазақстан облысы;
- Қарағанды облысы;
- Қостанай облысы;
- Павлодар облысы;
- Солтүстік Қазақстан облысы.
«Бұл жол жабынының бұзылуына, ойықтар мен ақаулардың пайда болуына алып келеді. Жазғы шектеулерді сақтау жолдардың қызмет ету мерзімін ұзартады, жөндеу шығындарын азайтады және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», делінген хабарламада.



