Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қазақстанда соңғы қоңырау қай күні соғылады?

Қазақстанда соңғы қоңырау қай күні соғылады?



Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда соңғы қоңырау өтетін күн өзгергені туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Оқу жылы дәстүрлі түрде 34 аптаға созылып, аяқталуға жақын. Ведомствоның статистикасы бойынша, еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын қорытындылайды.
Олардың ішінде 217 мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы үшін бұл мектеппен қоштасу күні болады.
"Өткен жылғыдай, 23 мамыр – соңғы оқу күнінде еліміздегі барлық мектепте "Білімім – Отанымa" ұранымен бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл – бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды іс-шара. Ол оқушылар мен мұғалімдерге бірлескен жұмыстың қорытындысын шығаруға, бір-біріне алғыс айтуға, аяқталып жатқан оқу жылының ең маңызды сәттерін еске алуға мүмкіндік береді.Биыл оқу жылының ресми аяқталу күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты іс-шаралар мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша 23 немесе 24 мамырда өтеді", – деп хабарлады ведомство тілшіге.
03 мамыр 2025 ж. 1 332 0