Қазақстандық мұғалімдер жалақының аздығына шағымданды: Оқу-ағарту министрлігі олардың 600 мың теңгеге жуық айлық алатынын мәлімдеді

Желідегі видеода 224 мың теңге жалақы алатын ұстаз еңбектің бағаланбай жатырғанын жеткізді.
“Шынымен қараңыздаршы қандай мардымсыз жалақы? Осы мәселеге қашанғы үндемей отыра береміз? Бізде шынымен жалақы өте төмен. Қаншама жүйке жүйең кетіп, еңбектенесің?Мұғалімнің сөзінше, айлық екенін білсе де басшылық жұмыс жүгін шамадан тыс көбейтіп қойған.
Шыны керек, мынадай ақшаны мен ешқашан алмағам? Ешқашан 200 мың теңге табыс тауып көрмегем. Бұрын студенттік кезде мұндай ақша мен үшін көп сияқты көрінетін. Бірақ айлығым түскен кезде мұның тіпті өте аз екенін түсіндім. Себебі біздің жасаған жұмысымыз бұл айлыққа мүлде келмейді. Таңғалып отырмын. 224 мың теңге. Кешіріңіз үш балам мен несиелерім бар. Бұл жалақыдан шыны керек екінші күні ештеңе де қалмайды”, – деді ол.
“Түсінбеймін бітпейтін есеп беру не үшін керек? Ешкімге қажет емес сол есептер. Ал салдарынан ұстаздар өз жұмысына дайындалуға үлгермейді. Барлығын аяқтау үшін түнімен отырады. Бұл шындық, енді қашанға дейін үндемей төзуіміз керек? Тек айта салу емес, айғалап жеткізу керек мәселелер бар. Қоқуды қойыңыздаршы өтініш.Дегенмен Оқу-ағарту министрлігі 2020 жылдан бастап президенттің тапсырмасымен педагогтердің жалақысы 100% - ға, яғни екі есеге ұлғайтылғанын алға тартты.
Зейнетақы қорына жіберіп отырған 27 мың теңге. Маған мұндай көлемде аударып керек емес. Оданда өзіме беріңіздер балаларыма бірдеңе алайын. Медициналық сақтандыру да қажет емес. Мемлекеттік емханалардан бәрібір қажетті ем таппай ақылыға баруға тура келеді. Түсінбеймін дәл қазір осындай жалақымен қалай өмір сүруге болады? Маған мүлде жетпейді”, – деп қосты ол.
“2023 жылдың қыркүйегінде мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері қосымша 30% - ға, сондай-ақ өндірістен тартылған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері 30-35% - ға қосымша ақы алды.Министрлік әр түрлі біліктілік санаттары бар мұғалімдердің жәрдемақылары осынша пайызға өскенін жеткізді:
"Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданғаннан кейін мұғалімдердің жалақысының мөлшері бірнеше факторларға, соның ішінде білім деңгейіне, біліктілігіне (шебер, зерттеуші, сарапшы, модератор), еңбек өтіліне, жүктеме көлеміне, сондай-ақ еңбек жағдайлары, академиялық дәрежесі (10 АЕК), тәлімгерлік және сабақтан тыс спорттық сабақтарға (100%) қосымша төлемдерге байланысты болды”, – деді ведомство.
- Педагог – шебер 50%;
- Педагог – зерттеуші 40%;
- Педагог – сарапшы 35%;
- Педагог – модератор 30%;
“Ауыл мұғалімдеріне ерекше назар аударылады – олардың жалақысы қалалық әріптестерімен салыстырғанда кем дегенде 25% - ға жоғары.Фото: Нұрболат Нұржаубай
ҰБТ 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұғалімнің орташа жалақысы 1 мөлшерлемеде (16 сағат), қалада 352 мың теңгені және ауылда 435 мың теңгені құрады. Бұл ретте, ұлттық білім беру деректер базасының (ҰБДБ) мәліметінше, ел педагогтарының жартысы айына орта есеппен 581 мың теңге алып, 1,5 мөлшерлемемен (24 сағат) жұмыс істейді.
Сонымен қатар, еліміз білім беру саласындағы жетістіктері бар, олимпиада жүлдегерлерін даярлап, мемлекеттік наградалар алған педагогтерді көтермелеу тәжірибесі бар санаулы елдердің бірі. 2024 жылы 89 педагог мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары атанды. Олардың сыйақылары 3,6 миллион теңгені (1000 АЕК) құрады. Марапатталғандардың қатарында еңбек ері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімдері, "Үздік педагог" байқауының жеңімпаздары бар.
Осылайша, соңғы бес жылда Қазақстан базалық жалақының өсуін ғана емес, сонымен қатар үстемеақылар мен ынталандырушы төлемдер жүйесін қамтамасыз ете отырып, педагогтердің мәртебесі мен қаржылық әл-ауқатын арттыру бағытында елеулі қадамдар жасады”, – делінген хабарламада.