Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 408

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Наурызда ҰБТ басталады: Көктемнің алғашқы күнінде 775 оқушы сынақ тапсырмақ

Наурызда ҰБТ басталады: Көктемнің алғашқы күнінде 775 оқушы сынақ тапсырмақ

Kyzylorda-news.kz Қазақстанда ҰБТ басталып, 6 сәуірге дейін жалғасады. Қазір тест тапсыруға 163 мыңға жуық адам өтініш білдірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқушылардың 76%-ы тестті қазақ тілінде, 23,9%-ы орыс тілінде, 162 адам ағылшын тілінде тапсырмақ.
«Өтінімдерді тапсыру кезінде талапкерлер тестілеу күнін, уақыты мен орнын өз бетінше таңдады. Бірінші күні республика бойынша 775 адам ҰБТ тапсырады», – деп хабарлады ұлттық тестілеу орталығынан.
Көбіне оқушылар «Биология-химия» пәнін таңдады – 17,5%. Бұл пәндерді таңдап, дәрігер, мұғалімдер, ауыл шаруашылығы мамандығына түседі. Одан кейін болашақ инженерлер мен IT мамандары «Математика-Физика» пәнін таңдады, ол – 17,1% және «Математика-Информатика» – 10,5%.
ҰБТ-да тапсырмалар саны 120, оның ішінде «Қазақстан тарихы» бойынша 20, «Оқу сауаттылығы» бойынша 10, «Математикалық сауаттылық» бойынша 10 және екі арнайы пән бойынша 40 тапсырма. Ең жоғары ұпай – 140.
Тестілеу уақыты: 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут беріледі.
Наурыздағы ҰБТ-ға жоғары оқу орындарына күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде шартты түрде түскендер, өткен жылдардағы мектеп пен колледждерді бітіргендер, Қазақстан азаматы болып табылмайтын қазақстандықтар, сондай-ақ жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуді жоспарлаған түлектер қатысады.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
04 наурыз 2025 ж. 630 0