№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ҒАРЫШ ДӘУІРІНІҢ АЛТЫН БЕЛЕСІ

ҒАРЫШ ДӘУІРІНІҢ АЛТЫН БЕЛЕСІ

Биылғы жылдың 2 маусымда Байқоңыр ғарыш айлағы мен қаласының құрылғанына 70 жыл толады. Осы атаулы күнге орай облыс әкімдігі арнайы мерейтойлық іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай мәлімдеді.
- Жоспар аясында жыл бойына облыстық және республикалық деңгейдегі өнер ұжымдарының концерттері, спорттық жарыстар және түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мерейтой қарсаңында қалада дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бастау алмақ. Бұл жоба қала тұрғындары мен жастар үшін маңызды әлеуметтік нысан болмақ. 70 жылдық мерейтой – Байқоңырдың тарихи маңызын айшықтайтын ерекше оқиға. Ұйымдастырылатын шаралар ғарыш қаласының дамуына жаңа серпін беріп, тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлайды,-деді, Қайрат Ырзақұлұлы.
03 наурыз 2025 ж. 443 0