2025 жыл: не өзгереді?
Біз бүгінгі мақалада әлеуметтік салаларға қатысты мәселелерді талқылаймыз. Яғни биылдан бастап мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар мен зейнетақы, шәкіртақы және өзге де тұрмыстық мәселелер туралы тереңінен таразылаймыз. 1 қаңтардан бастап «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң күшіне енді. Кейбір салаларда өзгерістер бар, бұл – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы.
Қазақта «жылан жылы жылыс болды, жылқы жылы ұрыс болды, қой жылы зеңгер тоғыс болды» деген сөз бар. 2025 – жылан жылы. Тарихта бұл кезең түрлі оқиғалармен есте қалғаны мәлім. Алайда қазақ халқы жылан жылын тек жақсылыққа жорығанын білеміз. 2025 жыл отандастарымыз үшін жағымды жаңалықпен басталмақ. Биыл айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемі 240 теңгеге ұлғайып, ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге болды. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 мыңнан асады. Еңбегінің бейнетін көріп отырған жандардың да базалық зейнетақысы 6,5 пайызға көтеріледі. Бұл ретте төлемнің ең төменгі мөлшері 95 мыңнан асса, ең жоғарысы 213 мың теңгенің айналасында болмақ. Бірақ АЕК-тің ұлғаюы айыппұлдар көлемі мен базар бағасының және салық мөлшерінің артуына да ықпал ететіні рас. Барлық мәселе осында.
АЕК, жәрдемақы мен зейнетақы
Жоғарыда айтқандай, биылдан бастап АЕК 6,5 пайызға артып, 3932 теңгеге жетеді. Былтыр 3692 теңге болған. Көпбалалы отбасына берілетін және бала 1,5 жасқа толғанға дейін күтіміне ай сайын төленетін жәрдемақылар да 6,5 пайызға көбеймек. Ал зейнетақы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8,5 пайызға өседі. Экономистер жәрдемақының өсуі көп отбасыға тиімді деп айта алмады. Оның түрлі себебі бар, кірістен бұрын шығыс есептеліп, көптеген отбасылардың қалтасы қағылады деп отыр. Ал керісінше, зейнетақының мөлшері ұлғайғаны барлық шаңыраққа дұрыс дейді. Қайталап айта кетейік, аталмыш салаларға үстемақы қосылса болды нарық бағасы да өзгеріп шыға келеді.
АЕК-ның өсуі тек әлеуметтік төлемдерге емес, әкімшілік айыппұлдарға да әсер етеді. Мәселен, әкімшілік айыппұлдар мен мемлекеттік баж салығы 6,5 пайызға өседі. Кейінгі бір жылда Қазақстанда ақылы қызметтер құны 14,3 пайызға өскен. 2024 жылғы қазандағы есеп бойынша, ең қатты қымбаттағаны суық су 60,3 пайызға, орталықтан жылыту ақысы 33,6 пайызға, электр энергиясы 23 пайызға және ыстық су құны 18 пайызға өскен. Бұдан шығатын қорытынды – әлеуметтік төлемдер артқан сайын салық пен айыппұлдар да бірге өсіп отырады.
Баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақыда да өзгеріс бар. Бірінші, екінші және үшінші баланың тууына – 38 АЕК немесе 149 416 теңге, төртінші және одан да көп балаға – 63 АЕК немесе 247 716 теңге қаралған. Баланың бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік жәрдемақысы бала санына байланысты өзгеріп отырады.
Жалақыда өсім бар
Инфляция өсіп жатса да, үкімет 2025 жылы ең төменгі жалақыны бұрынғыша қалдырды. Ол 85 мың теңге. Жұмыс берушілер қызметкеріне осы мөлшерден аз айлық төлей алмайды. Оны үкімет жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда бекітеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, Қазақстанда ең төменгі жалақыны 1 миллион 800 мың адам алып жүр екен. Мәжіліс депутаттары министрге ең төменгі жалақыны 2025 жылы 100 мыңға жеткізуді ұсынған. Алайда министр елде ең төменгі жалақыны есептеу бойынша жаңа әдістеме әзірленгенін айтып, ұсынысты қабылдамаған. Бұл туралы депутат Ерлан Әбіл Atameken Business арнасында жеткізді.
Үкімет 2025 жылы мына мамандардың жалақысын көтеруді көздеп отыр. Ол медицина қызметкерлері, табиғатты қорғау және арнаулы мекемелер жұмыскерлері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттары, ұйымдар жұмыскерлері, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлері. Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 2025 жылдан бастап 17 пайызға артады. Білім беру ұйымдарының әкімшілік және қосалқы персонал қызметкерлерінің жалақысы 2024 жылы 71 пайызға өсті. Аталған санаттағы қызметкерлердің жалақысын 2025 жылы 100 пайызға арттыру жоспарланған. Десе де, экономикадағы нақты жалақы өсіп жатыр. 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек арасында жалақы 2,9 пайызға артқан дейді сарапшылар.
Айыппұл түрлері артты
Рәміздерді қорлағаныңыз үшін 3 мың АЕК, яғни, 11 млн теңгеден астам қаржыны қалтаңыздан шығарасыз. Кез келген қоғамдық жердің кіреберісіне қоқыс «пакетін» қалдырсаңыз, шулап, тыныштықты бұзсаңыз және түкірсеңіз әжептеуір айыппұл арқалайсыз. Сондай-ақ, көлік жүргізгенде телефон пайдаланып, белбеу тақпау да қылмыс саналады. Ол үшін 5 АЕК төлейсіз, ал, құжатсыз көлік жүргізсеңіз 20 АЕК арқалайсыз, егер көлік құралын басқару құқығынан айырылған болсаңыз 50 АЕК немесе 20 тәулікке қамауға алынасыз. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін жаяу жүргіншілер 2-10 АЕК көлемінде қаржы құяды. Көлік жылдамдығын асырғандарға төрт кезең қарастырылыпты. Ең ауыры 117 960 теңге арқалайды.
Дұрыс сөйлеп, ашуға ерік берсеңіз де жазасыз қалмайсыз. Қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға 20 АЕК, яғни бұл 78 640 теңге немесе 30 тәулікке қамауға алынады. ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша отбасында және тұрмыста балағат сөз айтқаны үшін ескерту немесе 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Ал мұғалімді немесе дәрігерді балағаттаса, онда 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Жалпақ тілмен айтқанда, тәртіп өте қатаңдады. Әсіресе, темір тұлпар тізгіндерге тыныштық болмайын деп тұр.
Тұрғын үйдің тетігі
2025 жылы Қазақстан азаматтарына 10 пайыз алғашқы жарнамен тұрғын үй алуға мүмкіндік туады. Ол үшін үй таза әрленген болуы керек. Бұл тек «Отбасы банкіндегі» «Наурыз» бағдарламасымен қолжетімді. Бұған дейін бұл бағдарламамен пәтер алу үшін кемі үй бағасының 20 пайызын алғашқы жарна ретінде төлеу керек болған. «Бұл өзгеріс құрылыс компанияларын таза әрленген тұрғын үйлерді көп салуға ынталандырады. Ал азаматтар енді жаңа сатып алған үйін әрлеп, жөндеу үшін қосымша несие алып әуре болмайды» – делінген банк хабарламасында.
Бұл жеңілдік жалдамалы пәтерде жүрген, ақша жинай алмайтын адамдарға тиімді. «Бір қарағанда керемет жаңалық сияқты. Бірақ оның да тиімсіз тұсы бар. Ипотеканы алған кезде 10 пайыз жарна беріп қиналмағаныңмен, оның ай сайын төлейтін ақысы көп шығады. Себебі үй бағасының 10 пайызын банкке беріп, 90 пайызын банктен қарызға алып отырсыз» – дейді сарапшы.
Сарапшылар әлеуметтік осал топтағы адам санатына кірмегендерге үй бағасының 20 пайызын алғақшы жарнасына жинап алғаны жөн деп санайды. Өйткені алғашқы жарна мөлшері азайған сайын, үй құны да қымбаттайды екен. «Наурыз» бағдарламасын мемлекет қаржыландырады. Бағдарлама жеті жылға жоспарланған. Несиенің пайыздық мөлшерлемесі – 9 пайыз. Әкімдік кезегінде тұрған әлеуметтік жағынан осал топтар үшін – 7 пайыз, кейін 4 пайызға дейін түседі. Несиені өтеу мерзімі – 19 жылға дейін. Өтініш берушінің және оның отбасының (жолдасы, кәмелет жасқа толмаған балалары) атында кейінгі бес жыл көлемінде баспанасы болмауы керек. Банкте жинаған кемі 2 миллион теңге депозиті болуы керек.
Сондай-ақ, 2025 жылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасында да аздаған өзгерістер бар. Бұл бағдарламаға мемлекет биыл 100 миллиард теңге бөлген. Бұл несиенің пайыздық мөлшерлемесі – 7 пайыз, алғашқы жарнасы – 20 пайыз. Оған жұмыс істейтін, басында несиесі жоқ кейінгі 18 айда үйі болмаған адамдар өтініш тастай алады. Бұл бағдарламамен ипотеканы Қазақстанның барлық дерлік екінші деңгейлі банкі береді.
Тағы бір айта кететіні, 2025-2027 жылдарға арналған республика бюджетінде студенттердің шәкіртақысын 15-20 пайызға көтеру көзделген. Мемлекеттік шәкіртақының қалай өсетіні туралы үкіметтің қаулысында да жазылған. Қаулыға сәйкес, 2025 жылы колледж студенттерінен басқалардың бәрінің шәкіртақысы өседі делінген. Міне, бүгін біз осылайша қысқаша шолу жасадық.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ