Қазақ бапкері әлемнің ең үздік жаттықтырушысы атанды
Таеквондодан Тунис құрамасына алтын әперген қазақ бапкері әлемнің ең үздік жаттықтырушысы атанды.
Париж Олимпиадасында таеквондодан Тунис құрамасын дайындап, 1 алтын, 1 қола медаль алып берген қазақ бапкері Есбол Сұлтанов "Жылдың үздік бапкері" атанды. Гонконгта Дүниежүзілік таеквондо федерациясы (Workd Taekwondo) таеквондодан 2024 жылдың үздіктерін марапаттау рәсімін өткізді. Жылдың "Ең үздік бапкері" болып Тунис ұлттық құрамасының бас бапкері, қазақстандық маман Есбол Сұлтанов атанды. Таеквондо тарихында тұңғыш рет қазақстандық бапкер жыл үздіктерінің қатарынан көрініп отыр.Айта кетейік, Есбол Сұлтанов баптайтын Тунис құрамасының таеквондошысы Мохамед Халиль Жендуби Париж олимпиадасында чемпион атанса, 58 келі салмақта сынға түскен спортшысы қола жүлдені қанағат тұтқан еді. Сондай-ақ Есбол Сұлтанов жаттықтыратын Тунис елінің 4 таеквондошысы Париж олимпидасында жолдама алған.