№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Саулыққа салауатты ұстаным қажет

Саулыққа салауатты ұстаным қажет


Деректеме: Тасжанов Рысбек Бақтиярұлы 1984 жылы дүниеге келді. Орта мектептен соң Түркістан медициналық колледжінде білім алды. Екі жыл өндірісте мамандығы бойынша тәжірибе шыңдап, одан әрі Қарағанды мемлекеттік медициналық университетіне оқуға түсіп жоғары білім алып шықты. Аудандық емхананың хирургия, онкология бөлімінде дәрігер, 2018 жылдан бастап Жаңақорған шипажайында уролог дәрігер болып қызмет атқарып келді. 2024 жылдың екінші жарты жылдығынан шипажай директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келеді.


Рысбек Бақтиярұлы шипажайдың бас дәрігері ретінде бізбен сұқбатында дерт жамаған кісінің кеселден құлан-таза айығуында бірінші кезекте жеке басының салауатты ұстанымы маңызды екеніне айрықша тоқталды. Тарқатып айтқанда, ауруханада емделуі тиіс тұлғаға шипажайда ем қонбауы мүмкін. Тіпті рұқсат етілмейді. Қан қысымыңыз қатты жоғары болып тұрып бұл жердегі емді қабылдау тіпті мүмкін емес. Сондықтан әркім шапажайға жолдама алмас бұрын емханада тексеруден өтіп, сырқаттылық жағдайы жөнінде жан-жақты қорытынды алған дұрыс дейді.
Ол осындағы негізгі ем – балшық пен рапаның құрамы, әсері жөнінде де түсінік берді. Былайша келгенде, батпақ пен рапаның екеуін де бір жерден аламыз. Екеуінің де емдік көрсеткіші бір. Балшық­тың сүйек буын ауруларына, полиартрит, артрит, остеохондроз, бруцеллез, перифериялық нерв жүй­елерінің ауруы, неврит, радикулит, омыртқа-жұлын жарақаттары, гинекологиялық аурулар, созылмалы аднексит, бедеулік, ерлер ұрықсыздығы және бедеулікті емдеуге пайдасы зор. Ал рапа псориаз, экзема, сынды тері ауруларын, күйіктен кейінгі жағдайға ем екендігіне тоқталды.
– Нақ бүгінгі күні шипажайда 480 адам ем алып жатыр, – дейді ол. Санаторияда нүктелі және классикалық массаж түрлері бар. Процедуралық кабинеттер жұмыс істейді.
Жаңақорған шипажайының тағы бір артықшылығы, мұнда 91-жылдары артезиандық скважина қазылып, оның суы ғылыми зертханадан өтіп, асқазан, ішек, бауыр, несеп жолдары, тағы басқа ауруларға емдік қасиетімен танымал.
Оның созылмалы гастриттің барлық түріне, колит, зат алмасу, қант, бүйрек, қан аздығына аса әсерлілі­гі дәлелденген. Салыстырмалы түрде айтқанда, Са­рыағаштың суынан төрт есе күшті, элементтік құрамы жөнінен Кавказдағы Железноводск санаториясының Смирновский минералды суымен бірдей.
Санаторияда электрофорез, сәулемен емдеу, лазер терапиясы, ванна қабылдау, инемен емдеу, гальвоногрязь емі жүйелі жұмыс істеп тұр.
Ер кісілер мен әйел азаматтарға бірдей омыртқа бойына және аяққа массаж жасайтын Нугабест және Марутака аппараты және оксигенотерапия (оттегі емі), ішек жуатын колонгидромат, өт шаятын дуоденальді зонд, емдік душ, магниттік терапия, инемен емдеу, ормед аппаратымен омыртқа созу, пантогемотогенді ванна, урологиялық және гинекологиялық емдеу аппараттары бар, – деді ол.
– Сіздерде қандай науқастарға ем тағай­ындалады?
– Емделушілердің сырқатына ремиссия сатысында ғана ем жүргізіледі. Нақты айтқанда сүйек-буын аурулары, перифериялық нерв жүйелерінің аурулары, гинекологиялықжәне урологиялық аурулар емделеді.
– Маман кадрлардың бііліктілігін арттыруда нендей жұмыстар бар?
– Мекеме басшылығы негізігі мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға ұдайы көңіл бөліп, арнайы оқуларға жіберіп отырады. Соның нәтижесінде білікті кадрлар қатары артып келеді, – дейді ол.

Баян Үсейінова
26 қараша 2024 ж. 232 0